«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ұстаз

Қызылордалық мұғалім география пәні бойынша платформа әзірледі

Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінің №80 мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Ниязов мемлекеттерді танып-білудің инновациялық бағдарламасын жасап шығарды. Бұл мемлекеттік тілдегі бірден-бір платформа. Ол барлық заманауи талаптарға сәйкес жасалған.
«Жобаның басты жаңалығы — сабақ барысында білім алушы жаңа сабақтың мазмұнын толық ашу үшін түрлі сала бойынша ақпараттарды пайдалана отырып, ресурстарды жүйелеп және оны әдістемеге қосуы қажет. Бағдарлама педагогикалық идеяны инновациялармен жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — дейді платформа авторы.

Платформаның аты да ерекше, ол «Әлемді таны. Серік ағаймен бірге оқы» деп аталады. Платформаны пайдалану арқылы оқушылар пәндік олимпиадаларға, ҰБТ-ға дайындала алады. Қазіргі уақытта оған жаңартылған мазмұн бойынша елдерді тану деректері енгізілуде.

ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің ресми сайты

Сәйкес жаңалықтар

Сурет салу және көркемдік талдау арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттыру әдістемесі

farabi shakirti shakirti

Бастауышта математика сабағына қызығушылық – ойындарға оқушыны белсенді қатыстыру арқылы артады

farabi shakirti shakirti

Ахмет Байтұрсынов — «ұлт ұстазы»