Ташкентте  жасөспірімдер арасында өткізілген «Жарық жұлдыз» байқауына қатысып, бас жүлдемен оралған жас өнерпаздар арасында Ермек Айым Қазбекқызы да бар.  Жүрегінде ұлттық өнерге деген от ойнап, жандүниесі тұнып тұрған талант иеcін құттықтап, қазақ өнері сахнасының жұлдыздары қатарына қосылуына тілектеспіз.

«Рifagor Akademy» қосымша білім беру және дамыту орталығына келіп, өнерге қанат қаққан жасөспірімдер Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында мамыр айында өткен VIII Халықаралық көп жанрлы кәсіби «Жарық жұлдыз» байқауына байқауына қатысып, ұлттық дәстүрлі ән өнерін паш етті.

 Өнерлі балалардың жетекшісі Жұмақадір Айнұр Талғатқызы, Т.К Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген дәстүрлі әнші, домбырашы, жоғарғы санатты мұғалім.

 Айым және оның құрбы – достарына өнерде өрге жүзіңдер дейміз!

«FSH»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *