«Жанашырлық танытып, жайын біліп,

Жасадың ба кісіге қайырымдылық?!

Арашаға түссе егер ағайының,

Аяғыңа жығылар қайғың бұғып!».

Серікбай Оспановтың «Қайырымдылық» өлеңінен:

      Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – деген ежелден бері ата-бабаларымыз. Иә, жоқ-жітікке көмектесу, жылағанды   жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу — халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. 2023 жылғы мәлімет бойынша 110 елде, әлемдегі 6,1 миллиард адамның 1,1 миллиарды (18 пайыздан сәл астамы) қатты кедейшілікте өмір сүреді.
Әрбір алты кедейдің бесеуі Сахараның оңтүстігіндегі Африкада (534 миллион адам) және Оңтүстік Азияда (389 миллион адам) шамамен тұрады. Әлемде шамамен 1,2 миллиард адам «көп өлшемді кедейлікте» өмір сүреді. Бұл олардың бір адамға тәулігіне 1,90 доллардан аз алатынын, үйлерінде дәретхана мен судың жоқтығын, дәрігерге қаралу немесе оқу мүмкіндігінен айырылғанын білдіреді.

       Біздің айналамызда да әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен отбасылары бар. Оларға көмек қолын созу еліміздегі әрбір ауқатты адамдардың парызы екенін үлкендер есімізге жиі салады. Сол ғибратты жадымызға сақтай отырып, ең болмағанда, жаны қиналған, көмек қажет еткен адамға жылы сөзімізді аямайық.

      Әрқайсымыздың кедейлердің өмірін жеңілдетуге мүмкіндігіміз бар. Сіз осы жерден оқып, кез келген кеңесті пайдаланып, мұқтаж жандарға көмектесе аласыз.

1.Супермаркеттен азық-түлік алып, аз қамтылған отбасыларға көмектесіңіз

2. Жалғызбасты ауыл тұрғындары үшін отын сатып алып, жаруға көмектесіңіз.

3. Ақша үнемдеп, қайырымдылық қорына беріңіз.

4.Қарттар үйіне сыйлықтар апарыңыз.

5.Өзіңіз ұзақ уақыт бойы қолданбаған заттарыңызды жинап, мұқтаж жандарға

таратыңыз.

    Жақсылық жасаудың жолдары өте көп, егер өзіңде ниет болса. Әрқашанда кез-келгеніміз жақсылық жасасақ, бізге тек жүрегімізге жылылық ұялайды. Көмек беру — әр тұлғаның бойына дарыған күштің иесі. Көмек көрсету-ұлы сезім ұялату. Адамның нәсіліне, ұлтына, түріне қарамай жақсылық жасау-әр адамның рухани байлығы, адамгершілігінің деңгейі, көңіл көтерудің басты байлығы. Осыны ешқашан ұмытпаған жөн.

МЕЛС Дана,

Алматы қаласы, №169- мектеп-лицейінің

11 «А» сынып оқушысы.

Дереккөзі:zharar.kz; «Видеоуроки».

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *