«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Жан анамды сағындым

          Гулжазра Абдхайымова

Балдарым деп араша түсер анашым өзің,
Бұл дүнеде көлеңкесің панасың өзің.
Желі ешкімнің тмес пе еді өзің барда,
Аналардың ішінде біреу ғанасың өзің.

Қиналғанда ақыл сұрар анашым менің,
Қияға ұшырдың өзің барда табылып теңім.
Қасымда бір отырғандай көрінесің,
Ыстық маған анаммен бір тұрған жерім.

Қалайша бар қайғымды ұмытайын,
Жарым көңіл кей кездері бүртүрлі уайым.
Арманым болмас еді өзің болсаң,
Шүкіршілік тәубеге қайтем ұмтылайын.

Жан анам — жаным ана өзің барда,
Мұңаймас ем көңілімді кір шалғанда.
Анасы бар адамдар қартаймайды,
Жылап алам өзіңді сағынғанда.

Аналарың аман болсын қасыңдағы,
Жайқалып тұрған бәйтеректей бағыңдағы.
Кей кездері ренжітіп жатамыз ау,
Ақылшың да жанашырың жаныңдағы,
Сені әкелген өмірге бір ғана жан,
Ағып жатқан қаның ол тамырыңдағы.

Дереккөзі:bilim-all.kz

Сәйкес жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі педагогтермен және балалармен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов мектепте хиджаб кию мәселесіне пікір білдірді

farabi shakirti shakirti

Президенттің «Семей тезистері»