Қазақ жайлы

Қазақ тілін білмесең ағаттығың,

Сүйесің бе сен өзі қазақ тілін.

Өз тіліңде сөйлемеген қазақтың,

Ұмытқаны өзінің азаттығын.

Елі үшін бөрідей бүгіледі,

«Сүйемін мен елімді» деп күлімдеді.

Қазағымның қаншама даналары,

Өлеңменен күн секілді күркіреді.

Қайран елім,қайран жұртым,қазағым-ау,

Байрағын әрқашанда жасағыр-ау.

Осы қалпың жоғалмасын ешқашан,

Керемет ғой батырларды жасауың-ау.

Аубакир Амир

 6сынып оқушысы,

«Дарын» мамандандырылған мектепинтернаты,

Қарағанды қаласы

   Жігіт мінезі

Ер бала ел  -жұртының тірегі,
Халқының қорғаушысы, беделі.
Туды  биік ұстайтын сарбазы,
Қайсар жігіт ұлтының баласы.

Қандай жігіт елінің болашағы?
Сегіз қырлы бір сырлы жігіт шығар,
Мүмкін намысты бермейтін  тұлпар шығар.
Жұртының тыныштығын ойлайтын ер ғана-
Халқының ұйтқысы, ертеңі болар.

Индира ХАСЕНОВА,

 9″Б» сынып оқушысы

Туған жер

Сар далам сапырылған сұлулықпен,

Тартасың ау өзіңе бір жылулықпен.

Жайқалған гүл,аққан бұлақ,биік тауың,

Көңілге рахат сезім туын тіккен.

Айналдым ау,ауаңнан бір өзгеше!

Ұқсамайтын басқасына бөлекше!

Бір дем алып марқайып ап ,жатса шіркін!

Толқуымен өлең жазар жүрегімде!

Жырақтау кетсем ,сағынамын өте қатты,

Айтшы маған алыстап кім ,мекен тапты.

Өзге елдің табиғаты таң қылса да,

Тек өз жерің жанға ерек шуақ шашты.

Туған ортаң бейім болған бала кезден,

Топырағы тұнған алтын, қола, жезден.

Оттай ыстық осынау бір Отаныңа,

Қызмет етпей шын журектен қайда кетпен?!

Нурай КАРАБЕКОВА,

9«Б» сынып оқытушысы

     Шәкірттерін шығармашылыққ

а баулып келе жатқан:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Назиха ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

Нағыз бақыт ауылда

Сұрағайсың кең далада өскеннен

Ауылымда емірене өскенмін мен

Жеті айналып аунаған ең жайлауым

Баурап мені кем қылдырмай ешкімнен

Сұрағайсың жеп өскеннен құртын майын

Ауылда қымыз,шұбат әр кез дайын

Жусан иісі аңқыған асу асу

Бүлдіргені ұһүлбірер тау мен сайың

Сұрағайсың тарататын шежіресін

Әр кезде де еркелетер немересін

Салт дәстүрге мән берер әжелерім

Тік ұстап кең керетін керегесін

Сұрағайсың сезінгеннен таза ауаны

Сезіне алған кеңдігі мол даланы

Көріп өскен табиғатты жайқалған

Айыра алар өара менен аланы

Сұрағайсың жегеннен то сарқытты

Ұрлап көрген сөредегі ақшы құртты

Кәмпит іздеп әжеміздің сандығынан

Аударып,тас төңкерген ақ сандықты

Сұраймысың бақыт деген не екенін

Бақыт-деген туып өскен мекенің

Ауылдағы құмар қанбас мол шақтар

Бақыт-деген тау бөктерің етегің

Бақыт-деген алтын бесік ауылың

Жылы шырай, досың менен бауырың

Бір аунау, сезіну бұл еркіндікті

Қандай бақыт сезсе жерді жаурын?!

Айғаным ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

9«Б» сынып оқушысы

Тәуелсіздік байрағын қайтарғандар.

Бейбіт әлем аспанында самғаған,

Асқақ рух пен ізгілікті жалғаған.

Қазақ елі өркендеуге күш салып,

Жан берсе де алған беттен танбаған.

Отанымның алғыр қырандары.

 

Тәуелсіз ел болу үшін жан салған,

Қалың елмен қиындықты қарсы алған.

Жүрегімен өз халқына серт беріп,

Алашорда жігіттері жол салған.

Еліміздің асыл ұландары.

Ақылымен тек асқарға өрлеген,

Өзге елдің қысымына көнбеген.

Абақтыда қиыншылық көп көріп

Өзі өлсе де, өлеңдері өлмеген.

Ұлтымыздың асқақ ақындары.

Оттай лаулап, қайсарлықпен қасарған,

Эвересттей биік шыңнан аса алған.

Байтақ жерде туған ұлы тұлпардай,

Айлық жолды алты-ақ аттап баса алған,

Қазағымның асқар асулары.

Елі үшін, жері үшін жаралған,

Отаны үшін әр қадамға бара алған.

Жұрты айтқан асылды айта алғандар

Ұлтымызға ұлы дарын саналған.

Ақ пейілді, данышпан майталмандар —

Тәуелсіздік байрағын қайтарғандар.

  Ақын болам

Абай атам секілді ақын болам,

Лирика, поэзияға жақын болам.

Әл-Фараби бабамдай оқып, біліп,

Махамбет, Исатайдай батыр болам.

Байтақ ұлы далаға жыр-ән болам,

Асқар шыңнан асатын қыран болам.

Елі мен жерін қорғап, тер төгетін,

Халқымның қамын жеген ұлан болам.

Елінің ертеңіне алаңдаған,

Ізгілікке апарар адам болам.

Отан үшін оттан да тайсалмайтын,

Болашаққа жол бастар қадам болам.

Сайыпқыран алғырға жүрек болам,

Жалындаған жастарға тірек болам.

Отаныма ерінбей қызмет қылып,

Тарихшы, әдебиетші түлек болам.

Жанары оттай жанып жалындаған,

Алаш жырын жырлайтын жалын болам.

Кең, еркін мағыналы шығармамен

Оқырманға ой салар дарын болам.

                                                         Таңат Нұрсұлтан,

«Дарын»  мамандандырылған мектеп-интернаты.

8«А» сынып оқушысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *