ТҮРКІСТАН: Жетісай драма театры жанынан қуыршақ театры ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры жанынан қуыршақ театры қызмет көрсете бастады. Қазіргі таңда аталған бағытта дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

«Штаттағы қызметкерлер есебінен 7-8 әртіс, режиссер, суретші жұмысқа тартылып отыр. Мақсатымыз – балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларын театр өнерімен сусындату. Репертуарды әлі де ұлғайтуға мүмкіндік бар. Театрдың жас әртістерін өз күшімізбен дайындаудамыз», –дейді ұйымдастырушылар.

Театр басшысы Орал Камалдың бастамасымен араға он жыл салып, қуыршақ театры қайта жанданып отыр. Қуыршақ театрының балаларға берері зор. Өйткені актерлар қуыршақ арқылы бала тілінде сөйлеп, сендіре алады. Осылайша балаларға мол рухани байлық беруге болады. «Біз қазіргі таңда қазақтың халық ертегілерін ұмытпауымыз керек. Жасөспірімдерге ұлттық құндылығымызды дәріптеу басты міндетіміз. «Ертөстік», «Тазша бала» сынды ертегілерді өңдеп, түрлі кейіпкерлерді қуыршақ арқылы жеткізгіміз келді. Өйткені сана-сезіміне әсер ету керек осылай. Қазір ұялы телефонға тәуелді балалар.

Соның алдын алу үшін батырлыққа, даналылыққа, білімге, шынайылыққа тәрбиелейміз. Бізде қазір дайындалып жатқан шығармада екі торайдың басынан өткен хикаялары, екеуінің тапқырлығы туралы. Осындай шығармаларды көрген соң жақсы мен жаманды ажыратып, бір ой түйсе екен дейміз. Алдағы уақытта да айтар ойы бар қазақи нақыштағы ертегілерді өңдеп, қоюды жоспарлап отырмыз», – дейді қуыршақ театрының режиссері.

Қазіргі таңда Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында С.Михалковтың «Екі торай» атты балаларға арналған қуыршақ қойылымы көрерменге жол тартты. Бүгінге дейін Жетісай қаласы мен Атакент кентіндегі және Қазыбек би кентіндегі 8 балабақшада сахналанды. Қоюшы режиссері ҚР Мәдениет саласының үздігі Арман Өтебеков, қоюшы суретшісі Халит Байтелиев, музыкасын құрастырған Бақытжан Исманов.

ERNUR.KZ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *