«Жырым көп менің әлі жазылмаған»
Мектебімізде ғасырлар тоғысында «Ғасыр ақыны» атанған, мұзбалақ Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру мақсатында әдеби сазды кеш өткізілді.
Ақын өлеңдерін ыждаһаттылықпен жадына сақтап, аса бір толқу үстінде оқыған шшәкірттердің жандүниесі поэзияға деген сүйіспеншілігін танытты. 8 — cынып оқушылары Еркен Айым, Зтляу Айша, Ауезов Жандос,Есенәлі Елдана, Аблажанұлы Ертарғын ақын өміріне шолу жасап, көпшілікке ұсынды. Кеште өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдеріне өрілген сұлу сазға тербеліп:
—Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатынын шәкірттердің ниетінен ұқтық.
«Өмір жайлы» өлеңін оқыған 9 «А» — сынып оқушысы Омарахан Аяжан, «Ақ шағаланы» оқыған 8 «А» — сынып оқушысы Урлыкаева Наиля, «Пай,Пай өмір!» өлеңін оқыған Нұрдәулет Баура, «Ғашықпын» өлеңін оқыған Абылажан Ертарғын мен Талдыбекқызы Жансара сынды оқушылар тыңдап отырған көрермендерді керемет әлемге жетелегендей болды. Мұқағали өлеңдерін мектебіміздің 5 – сынып оқушылары да поэзия кешіне қатысып, ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Ақынның «Үш бақытым» өлеңін Ермұрат Динара, «Әкені» Советпек Ақниет мәнерлеп айтты.
Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда» екенін айта отырып, кеш ортасында ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым көрсеткен 8 -сынып оқушылары Жұмашқызы Інжу, Урлыкаева Наиля, Аблажанұлы Ертарғын көрермен жүрегін елжіретті. Мұқағали ақынның есімі мәңгілік аңызға айналды. Оның есімін жап — жарық сәулетті де, дәулетті жырлары паш етіп тұр.
—Жырым көп менің әлі жазылмаған,
Кемін көп менің әлі қазылмаған.
Қалдырып болар-болмас қазынамды,
Неліктен бір күні мен жазым болам.Ақынның махаббат диалогін оқыған Нурелбаев Нұржан мен Құрманғали Ұлпан болды.
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын, – дегендей
мектебіміздегі жаны жырды сүйетін, ақынжанды оқушыларымызда баршылық екен. Ақынға арнау оқып, кешіміздің шырайын кіргізе түсті.
ОМАРХАН Эльдар Бағдатұлы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
«Еңбек орта мектебі-Өрнек бастауыш мектебімен»КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.