Қалай ойлайсыз, құтқарушылар адам өмірі үшін қажет жандар ма?Әсіресе,олардың балалар өміріне деген қандай маңызы бар?Құтқарушылар-халықтың бейбіт өміріне жауапты қаһармандар.Бала күнімізде,үнемі құтқарушы болуды армандаушы едік қой,ия?!Қызық,әлі де ойымызда сол қаһармандарға айналу үміті бар.

Әрбір елде күн сайын неше түрлі жағдайлар болып жататыны бәріне мәлім.Мұндай қиын сәттерде ең алдымен жапа шегетін,ол-балалар.Сондықтан да,құтқарушылардың біздей балалардың өмірі үшін атқаратын рөлі өте зор деп ойлаймын.Құтқарушы дегенде,ең әуелі,көзімізге өзгеше киінген,артында жабдығын асынған,қолында өртті өшіретін құралы немесе адам өмірін сақтайтын сауыт-саймандарға толы қобдишасы бар адам елестейді.Оның басты міндеті-халықтың тыныштығына жауап беру.Қандай да бір қиындыққа тап болсаңыз,дереу полиция қызметкеріне қоңырау шалатыныңыз анық.Немесе өрт болған жағдайда өрт сөндіру қызметіне хабарласасыз.Ал,адамның денсаулығына қауіп төнгенде,дәрігерді шақырасыз.Жан-жағымыздың барлығы дерлік,құтқарушы батырларға толы.Әрбірінің жұмысы бөлек болғанымен,мақсаты бір.Сол себепті,оларды құрметтейміз,қайсарлығы мен батылдықтарына бас иеміз!Жұртышылықтың алғысына бөленіп,жанын аман сақтап қалу-екінің бірінің де қолынан келе бермейтін ерлік іс!

Балалар-әлемнің нұры.Олардың қауіпсіздігі үшін құтқарушылар өз өмірін қиып та жатқан сәттерді көреміз.Жүрегі мейірім мен махаббатқа толы бұл жандардың әрбір жасаған ісі-нағыз өлшенбес батырлықтың бейнесі!Сонау замандардан соғыс кезінде де ата-бабаларымыз жер үшін күресіп,қаншама өскелең ұрпақтың алтындай бағалы өмірі үшін,өз жандарын қиған.Мұндай құтқарушылардың бойынан асқан қайсарлық пен жігерлікті көруге болады.Бейбіт күннің өзінде де,қаншама жапа шегушілік болып жатқаны да белгілі.Сол себепті,«құтқарушылар» ұйымы құрылып,жан-жақтағы шарасыз қалған,қиындыққа тап болған балаларға көмектесетін батыл қаһармандар қызмет етуде.Мейлі ол өрт сөндіруші,мейлі ол полиция қызметкері,я болмаса дәрігер болса да,халықтың қауіпсіздігі үшін бірдей қызмет көрсетеді.Олар үшін мүсін орнатып,батылдықтарын көпке үлгі-өнеге етсек те артықтық етпес.

Менің ойымша,мұндай құтқарушылар есепсіз мадақ пен мақтауға әбден лайық!Мен үшін олар нағыз үлгі аларлықтай жандар!Бала күнімненсоларға еліктеп,әлдебір жандарды қиындықтан құтқарып,кішкентай жас бүлдіршін балалардың өмірін сақтап қалсам екен деп қатты армандайтынмын.Осы бір бала армандардың арқасында,оларға деген құрметім мен ықыласым күннен-күнге арта түспек.Соған орай елімізде «19 қазан-Құтқарушылар күні» депбекітілген.

Менің ойымша,бұл күнді батыр жандардың құрметіне орай арнайы мереке етіп атап өткеніміз жөн.Өйткені,олар халықтың бейбітшілігіне қамқор болып,кішкентай балаларды қаншама қауіп-қатерден құтқарып қалды.Құтқарушыларға шын жүректен алғысымды айтып,басымды иемін!

Құтқарушылар-өмір мен тыныштықтың алып шуағы!Олар жасаған әрбір ерлік пен батырлық-халықтың үлкен алғысы мен жауапкершіліктің биік тұғыры!Мына,біз-балалар,құтқарушыларды ерекше ізгі ниетпен құрмет тұтамыз!Себебі,олар өміріміздің бір бөлшегі іспеттес.Жаны жақсылыққа толы ұлы кейіпкерлер,ол-құтқарушылар!

 

ТЫНЫБЕК  Махаббат,

Түркістан облысы, Түлкібас  ауданы

үш тілде оқытылатын дарынды балалар

мектеп —  интернатының  11 «А»

сынып оқушысы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *