«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

13 жасар семейлік шахматшы оқушыларарасында Азия чемпионы атанды

                СЕМЕЙ. ҚазАқпарат — Желтоқсанда Калутара қаласында (Шри-Ланка) оқушылар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Жас спортшылар барлығы 16 медаль жеңіп алды, оның үшеуі Абай облысының еншісінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Облыстық әкімдік мәліметіне сенсек, блиц турнирінде әр елден келген шахматшылар арасында 13 жас аралығында алтын медалін жеңіп алған Сұлтанбейбарыс Думанұлына тең келетін ешкім болмаған.

    Классикалық шахмат турнирінде де өз жас тобында 1- орынға ие болып, ФИДЕ халықаралық шебері атағына қол жеткізді.

   Ал рапид шахмат турнирінде Сұлтанбейбарыс қола жүлдегер атанды.

Сондай ақ, оның қарындасы Әлфараби Думанқызы рапидтен 15 жасқа дейінгі категорияда 4 орынға ие болды.

                                                                             Жанат Қапалбаева,

                                                                                              Kazinform

Сәйкес жаңалықтар

Kazakhstan’s National Robotics Team Formed at Alem Tech Fest 2026

Үкіметте балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 11 медаль еншіледі