«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

130-ДАН АСТАМ ОҚУШЫ XХIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫНА ҚАТЫСУДА

Бүгін, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Абай облысында ХХIV республикалық Абай оқулары басталды.
Абай мен Шәкәрім кесенелерінің мұражай-кешенінің базасында еліміздің барлық өңірінен 130-дан астам мектеп оқушылары жиналды.
Жарысқа қатысушылар «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілімді ұғады», «Жүйрік он жүйрік озар жарысқанда», «Ұлы» атты алты номинация бойынша бақ сынайды. Басты шарт – жарысқа қатысушылар ақындардың барлық шығармаларын жатқа білуі қажет.

Айта кетсек, қазылар алқасы қатысушылардың Абайдың қарасөздерін толық білуі, Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай және Мағауия Абайұлдарының шығармаларын жатқа оқуын бағалайды. Сондай-ақ, ақындардың рухани болмысына эссе жазу, шығарма мәтіндерін мәнерлеп айту, толық білуі бойынша бірнеше критерийлер қолданылады.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және грамоталарымен, сонымен қатар, естелік сыйлықтарымен марапатталады.
Абай Құнанбаевқа арналған шығармашылық байқау үш күнге созылады. Салтанатты марапаттау рәсімі 10 тамызда Жидебайда «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында өтеді.

                                                                                  Gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА АССАМБЛЕЯ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН 100 ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«Мен осы жүрісіммен — ақ бақытты, азат адаммын»: Шәмші Қалдаяқов жайлы аяулы естеліктер

farabi shakirti shakirti

«Қайырымдылық — асыл қасиеттер қорғаны»

farabi shakirti shakirti