«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Әке бар үйде береке бар

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Көзге көрінбейді бірақ, әке бар үйде береке бар .Әке- отбасының тірегі, қорғаны. Әркез отбасының қамын ойлайтын жанашыр жан.

Менің әкем кішігірім кәсіппен айналысады, қамшы жасайды. Інілерім әкемнің бір жағына шығысып, қамшының сабын өреді, бірі тұсау жасайды, ал әкем қамшыны саптап, дайындап шығарады. Бізбен көп жұмыс істеп сапты тескен кезде абайсызда қолына кіріп кетеді. Талай рет осындай жағдай болып қолын жарақаттады. Қанша шаршаса да бізге білдірмейді. Менің әкем-менің мақтанышым.

Өзін емес жанұясын ойлаған,

Отбасын жамандықтан қорғаған,

Мейіріммен өсірген ұл-қыздарын,

Аман жүрші, аман жүрші әкетай!

Біздер үшін еңбек етіп талай,

Кей кездері қалар бәлкім ұйқың қанбай.

Сыр бермейтін ауырсада ешкімге,

Ауырмашы,ауырмашы әкетай!

(автор өзім)

СЕНБЕКҚЫЗЫ  Зылиха,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Мерейтойдың негізгі шаралары бүгін ақынның туған жері – Абай ауданында өтті

Ата-ана – бар баланың қорғаны, мәңгі жасыл бағы

Кореяда қазақ кітабы

farabi shakirti shakirti