«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Менің мүмкіндігімнің шегі — өзімнің сенімімде

                                                      Абай Құнанбайұлы:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Берілген мүмкіндікті қолдана білмеу үлкен қателік. Берілген мүмкіндікті ақырғы шегіне шейін қолдана білген үлкен пайда. Әсіресе білім жағынан, қолыңда тұрған білімді оңай кезде үйрен, ересек кезде, яғни студент болғанда, қордағы тұрған көп ақпаратты қабылдау қиынға соғады. Сол себептен қазірден бастап, болашақтың іргетасын құра. Мүмкіндігі бар кезінде менсінбей, бағаламай жатқандар қаншама мысалы үшін. Зулап жатқан өмірде, мүмкіндіктер талай кездеседі.

Дегенмен бұл нәрсеге сенбей, өзіндік әрекет етіп, қолыңан келгенше тырысу қажет. «Менің қолымнан түк те келмейді» — деп ешқашан ойлама. Әркімнің өзіндік жасырын дарыны, таланты бар.Мысалы сен істей алатын нәрсені біреу істей алмайды.Өзіңді мақтан тұтатын кез бұл деген. Алайда, «1-2 нарсе қолымнан келеді екен», — деп басқа іске қызықпай жүре беруге де болмайды.

Жалқаулықты жеңіп, болашаққа қарай қадам жасау, ол үлкен еңбек, ал еңбек жеміссіз болмайды. Арманыңның іргетасын қазірден құрай бастасаң, іші толған ақыл-білім, алып зәулім сарай болары анық.

«Арман-мақсат-жоспар-еңбек-жеміс». Бұл өмірді құрайтын, ләззат аларлық, бақытқа толарлық өмір жолының формуласы.

КЕЛЬДЫБАЕВА  Алуа Тулегенқызы,

Алматы облысы, Қарасай ауданы

«Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің»

11 «Г»  снып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы,

директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

Сурет:https://suret.pics/

Сәйкес жаңалықтар

«Адасттырма адалдықтың жолынан»

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі

Наурыз мейрамын шетелдегі қандастарымыз ерекше атап өтуде

farabi shakirti shakirti