«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тарих

Ескерілмейтін әлем

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Менгельс  Арай

Жер бетіндегі ең үйреншікті дүниелердің бірі – туған күн. Белгілі бір адамның дүниеге келген күнін еске алып, атап өту – ешқашан мәнін жоғалтпайтын дәстүр. Бұл күн – әр адамның қуанышы, бақытты сәті, ұмытылмас күні. Бірақ осы үйреншікті дәстүрге аздап өзгеріс енгізіп көрсек…

Менің айтқым келгені – күнделікті қолданысымыздағы дүниелердің де жаратылып, алғаш жарыққа шыққан күндері бар. Алайда мұндай қарапайым заттарға көбіміз аса қатты зер сала бермейміз. Тіпті «Әр дүниенің қашан пайда болғанына жауап іздеп, ойланып отыруымыз керек пе?» деген сұрақ та туындауы мүмкін. Бірақ кейде қарапайым заттардың да тарихына үңілу қызықты әрі пайдалы. Ең бастысы – әр нәрсенің тарихын жаттау емес, оның бүгінгі өмірімізге қалай және кімнің арқасында жеткенін түсіну.Себебі күнделікті қолданып жүрген қаншама заттың біз үшін маңызы зор, қажеттілігі айрықша.

Мысалы, көзілдірікті алып қарастырайық.

Көзілдіріктің пайда болуы көптеген адамның оқуына, жазуына, еңбек етуіне және күнделікті өміріне үлкен мүмкіндік берді. Бұрын көру қабілеті нашар адамдарға қиындық тудырған қарапайым әрекеттер әлдеқайда жеңілдеді. Бір қарағанда қарапайым екі линзаның өзі миллиондаған адамның өмір сапасын жақсартты.

Қорытындылай келе, біз күнделікті қолданатын әрбір заттың артында үлкен тарих пен адам еңбегі жатыр. Бүгін қарапайым болып көрінетін дүниелер бір кездері адамзат үшін маңызды жаңалық болған. Сондықтан айналамыздағы заттарға тек тұтынушы ретінде емес, олардың тарихын бағалай білетін адам ретінде де қарағанымыз жөн. Өйткені әр заттың өз тарихы, ал әр жаңалықтың өз бастауы бар.

МЕНГЕЛЬС  Арай,

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,

Гагарин ауылындағы

«Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ

11 – сынып оқушысы.

Республикалық  «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік

басылым-сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Бір сөзден басталған жол

farabi shakirti shakirti

«Ұстаздың оралуы» (Романнан қысқа үзінділер)

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан мұнай индустриясының 125 жылдығына орай сала ардагерлеріне марапаттар табыс етті

farabi shakirti shakirti