«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Тәуелсіздік: -өткеннің аманаты, бүгіннің жауапкершілігі

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Жайлауканова Анель

Тәуелсіздік- ата бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап күткен арманы мен төккен қанының, еткен еңбегінің нәтижесі. Бүгінде біз тәуелсіз елде өмір сүріп, өз салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, өзімізді еркін ұстап келеміз. Алайда осындай баға жетпес байлықтың қадірін біз біле алып жүрміз бе деген сұрақ туындайды.

Жалпы тәуелсіздіктің бізге қандай жолмен келгеніне тоқталып өтейік. Біз көп жағдайда тарихты бізге оңай, тез, бір сәтте ақ  келе салды деген алдамшы көзқарасқа беріліп кетеміз. Алайда, бұның артында үлкен тарих пен қаншама тұлғалардық, халықтың қаңжылаған көз жастары мен еткен еңбектері жатыр. Қазақ халқы, тәуелсіздік жолында небір  қиындықтарды бастарынан кешірді. Сол себепті тәуелсіздік — тек бір қарапайым сөз емес, ол — ұлттың рухы, сенімі және де тайсылмас намысы.

Қазіргі таңға оралсақ. Бүгінгі күннің жастары тәуелсіздікте орасан рөл атқарады. Себебі елдің болашағы- жастардың қолында. Жастар тәуелсіздікті қадірлеп, оның ұлғаюына үлкен үлестерін қосуы тиіс. Егер жастар тәуелсіздікті терең түсініп, қадірлей білсе, ертеңгі күнгі еліміз одан ары дамып, нығая түсетініне нық сенімдіміз.

Ал егер жастар тәуелсіздікке немқұрайлы қараса, еліміз дағдарысқа ұшырап, тәуелсіздіктен айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Тәуелсіздікті сақтау- тек өткенді құрметтеу емес, сонымен қатар бүгінгі күнге жауапкершілікпен қарау.

Тәуелсіздіктің қадірін білу- елге, жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Қазақ жеріндегі әр азамат өз ісіне адал болып, еліміздің тәуелсіздігінің ұлғаюына үлес қосса, еліміздің тәуелсіздігі сынбас тастай болады. Сонымен қатар тілімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді құрметтеу- нағыз патриотизмнің белгісі.

Қорытындылай келе, тәуелсіздік – бізге берілген үлкен мүмкіндік әрі аманат. Оның қадірін білу – әрбір азаматтың парызы. Біз тәуелсіздікті тек мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірімізде де сезініп, оны қорғауға дайын болуымыз керек. Сонда ғана біз шын мәнінде тәуелсіз елдің саналы ұрпағы бола аламыз.

ЖАЙЛАУКАНОВА  Анель,

Алатау қаласы, «Қоянқұс» ықшамауданы,

№14 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Үміт үзгім келмейді

farabi shakirti shakirti

Сөз мәдениеті

Жан анамды сағындым