«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Жалғыздықтың адам өміріндегі орны мен маңызы

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Жайлауканова Анель

Әр адам ерте ме, кешпе жалғыздықпен жолығады. Алайда бұның адам өміріндегі манызы жайлы ешкім ой толғамайды. Жалпылама адамдар өмір бойы біреудің жанында жүреді, біреумен өмір сүреді, ғұмырын кешеді. Алайда, бұл қаншалықты маңызды? Дәл қазір осы сұраққа жауап беріп көруге тырысамыз.

Адамның өмірінде басқа адамдардың рөлі өте жоғары. Яғни әр адамның жанына адам керек деседі ғалымдар. Дегенмен өміріміздің кей сәттерінде барлығынан шаршап жеке өз-өзімізбен қалғымыз келетін сәттерде аз емес. Адам өзімен оңаша қалғысы келетіні жаман емес, керісінше, ғылыми тұрғыдан бұл шынымен көмектеседі. Біздің өмірімізде көптеген қуанышты жағдайлар болады. Әр қуаныш сайын біз жаңа сезімдерге бөленіп жатамыз. Алайда күтпеген жайттарда болып қалуы мүмкін және кейде адамдар өте қатты шалдығып ауырып қалулары мүмкін. Бұндай жағдайда жалғыздық келеді. Өзіңді ешкімге керек емес сезініп, өзің де ешкімді керек етпей, жаныңнан табылар адамың жоқ болған сәт әр адамды қатты сындырады.

Жалғыздық- ең ауыр сынақ, себебі сен ары қарай не боларын білмейсің. Сені алдыға жолдар ешкімнің жоқ екенін түсінесің. Бұндай сәттерде адамдардың көбісі өздерін жоғалтады. Бірақ та осындай ауыр сынақта өзін тауып, жалғыздықты аттап басып алдыға қарай ұмтылатын батырлар да жетеді. Біз жалғыздықты біртарапты қарай алмаймыз. Себебі жалғыздықтың жаман жағымен қоса жақсы жақтары да өте көп. Жалғыздықты әр адам әртүрлі көреді. Бірақ кейде адамдардан дем алу үшін өзімізбен өзіміз оңаша, эалғыздықта қалуысызға тура келеді.

Адамның ой өрісі жақсы дамыған бірақ, адамзаттың ең үлкен мәселесі басқа жұрттың ойларына қатты көңіл береді. Бұл жағдайда да жалғыздық көмектеседі. Өмір де небір адам бар. Сенің өмір жолыңда көптеген адамдар кезігеді. Оның бірі жақсы сені алдыға жетелейтін адам болса, бірі артқа тартып жамандық әкелетін адамдар да болуы мүмкін. Сенің ортаң- сенің айнаң. Қандай ортада болсаң сенде сондай тұлға болып қалыптасасың. Осындай құбылмалы өмірде жалғыздықтың рөлі өте орасан.

Қорытындылай келе, жалғыздықтың тек жаман жақтары емес жақсы жақтары да көп. Алайда өміріңмен жалғыздықты бірге ала жүрі екінің бірінің қолынан келмейді.

ЖАЙЛАУКАНОВА  Анель,

Алатау қаласы, «Қоянқұс» ықшамауданы,

№14 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Әлемдегі экология және Қазақстандағы экологиялық жағдай

farabi shakirti shakirti

Әлеуметтік желі және жастар санасы: мүмкіндік пе, әлде тәуелділік пе?

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды