«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Уақыттың қадірі

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Уақыт – адам өміріндегі ең қымбат нәрселердің бірі. Бірақ біз оның қадірін әрдайым түсіне бермейміз. Кейде уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Әсіресе бос уақытты дұрыс пайдалана алмаған кезде, кейін өкінетін сәттер де болады.

Қазіргі заманда адамдардың уақыты өте тез өтетіндей көрінеді. Таңертең тұрғаннан бастап, кешке дейін түрлі істермен айналысамыз. Бірақ сол істеген жұмыстарымыздың бәрі пайдалы ма, әлде жай ғана уақыт өткізу ме – бұл туралы көп ойлана бермейміз. Әсіресе телефон мен әлеуметтік желілер уақыттың көп бөлігін алып қояды. Кейде бірнеше минут деп кіріп, сағаттап отырып қаламыз.

Уақыттың қадірін көбіне кеш түсінеміз. Мысалы, маңызды бір істі кейінге қалдырып жүріп, соңында үлгермей қалатын кездер болады. Сондай сәттерде «уақытында істегенімде ғой» деп өкінеміз. Сондықтан әр істі уақытында жасау өте маңызды. Уақыт ешқашан тоқтамайды, оны кері қайтару мүмкін емес.

Менің ойымша, уақытты дұрыс пайдалану – адамның өзіне байланысты. Егер адам өз уақытын жоспарлап, маңызды істерге көңіл бөлсе, көп нәрсеге үлгере алады. Кішкентай болса да пайдалы істермен айналысу – уақытты бос өткізбегеннің белгісі. Мысалы, кітап оқу, жаңа нәрсе үйрену немесе өзіңді дамытуға арналған істермен айналысу.

Қорытындылай келе, уақыт – ең қымбат байлық. Оны дұрыс пайдалана білген адам ғана жетістікке жете алады. Сондықтан әр күнімізді бағалап, уақытымызды тиімді жұмсауға тырысуымыз керек.

ТҰРДЫБЕКҚЫЗЫ  Гүлбақ,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

Толқын ауылы, «Толқын орта мектебі» КММ

11 «Ә» — сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

«Таушымылдық» — Қызыл кітапқа енген Қазақстан флорасындағы ерекше гүлдердің бірі

Сенің ортаң — сенің деңгейің

farabi shakirti shakirti

Көңілге қарау