«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Телефонға тәуелділік – ХХІ ғасыр дерті

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Бүгінгі цифрлық дәуірде ұялы телефон адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Таңертең көзімізді ашқан сәттен бастап, кешке ұйықтағанға дейін қолымыздан телефон түспейтіні жасырын емес.  Зерттеулерге сүйенсек, әлем халқының шамамен 60%-дан астамы смартфон қолданады, ал жастардың 7080%-ы телефонды күн сайын бірнеше сағат бойы пайдаланады. Сондай-ақ қосымша сауалнамаларға қарағанда, адамдардың 50%-дан астамы оянғаннан кейін ең алдымен телефондарын тексереді. Бұл деректер телефон қолдану күнделікті әдеттен біртіндеп тәуелділікке айналып бара жатқанын көрсетеді.

Біріншіден, телефонға шамадан тыс әуестік адамның уақытын тиімсіз өткізуіне әкеледі. Көптеген адамдар бос уақытын кітап оқуға немесе пайдалы істерге емес, әлеуметтік желілерді қарауға жұмсайды. Нәтижесінде адамның оқуына, өзін дамытуына,қосымша жұмыс жасауға уақыт азаяды. Соның әсерінен адам бейсаналы түрде виртуалды әлемнің тұтқынына айналады.

Екіншіден, телефонға тәуелділік оқу үлгеріміне және уақытты тиімді пайдалануға кері әсер етеді. Әсіресе жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілер мен ойындарға кететін уақыт көбейген сайын, сабаққа бөлінетін уақыт азаяды. Кейбір зерттеулер әлеуметтік желіні шамадан тыс пайдалану студенттердің оқу жетістіктерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін екенін көрсетеді. Демек, телефон дұрыс пайдаланылмаса, білім алуға кедергі келтіруі ықтимал.

Үшіншіден, телефонды ұзақ пайдалану денсаулыққа да кері әсер етеді. Дәрігерлер экранға ұзақ қарау көздің шаршауына, ұйқының бұзылуына және зейіннің төмендеуіне себеп болатынын айтады.

Қорытындылай келе, телефон – заманауи технологияның пайдалы құралы. Алайда оны шектен тыс қолдану психолгиялық тәуелділікке, әлеуметтік қарым-қатынастың әлсіреуіне әкелуі мүмкін.Сондықтан телефонды саналы түрде пайдалану, экран алдында өткізетін уақытты шектеу – қазіргі қоғам үшін маңызды мәселе. Егер адам технологияны өз игілігі үшін қолдана білсе, онда телефон тәуелділік емес, керісінше дамуға көмектесетін құралға айналары сөзсіз.

МАЕРБЕК  Дина  Мейірханқызы,

Жамбыл облысы,  Тараз қаласындағы

«Д.М Карбышев атындағы 16 орта мектебінің»

11 сынып білім алушысы

 

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазіргі заманғы жалған және шынайы ақпарат

Қоғамдық денсаулық және дұрыс тамақтану

farabi shakirti shakirti

Cancel culture мәдениеті туралы естіген бе едіңіз?