«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Жеңімпаз атануым – әкемнің қолдауы

https://ult.kz/post/bugin-shanyrak-kuni

2019 жылы мен 4 сынып оқып жүргенде мектепте «Жыл оқушысы-2019» байқауы болды. Мен белсенді оқушы болғандықтан сынып жетекшім маған осы байқауға қатыс деді. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, өз өнері, мақал-мәтел сайысы, тағы басқа.

Байқауға қатысушылардың барлығы мұғалімдердің балалары еді. Менің ғана ата-анам мұғалім емес болды. Мен жеңілетін шығармын деп ойладым. Ал әкем осы сәтте маған демеу болды. Бағыңды сынап көр, менің қызым бәрін жеңеді деді. Содан соң мен сенімді түрде еш қорықпай байқауға қатыстым.

Әкем таныстыруыма өлең шығарып берді.(Өлең шығаратын қасиетім әкемнен дарыған шығар, менде қазір өлең жазамын). Таныстыру кезеңінде бәрі ән айтты, ал мен шығармашылықпен өлең оқыдым. Сөйтіп таныстыруым бәрінен ерекше болды. Өз өнеріме сурет салдым. Суретті жақсы салатын едім. Бұл қасиетімнің де пайдасы тиді.

Бір сөзбен айтқанда, бұл байқауда мен жеңіске жетіп, «Жыл оқушысы-2019» байқауының жеңімпазы атандым. Айтпағым, барлығы мұғалімнің баласы ғой мен жеңіліп қалатын болдым деп уайымдағанымда, әкем маған қолдау білдіріп, сенді. Ал әкемнің қолдауы маған үлкен сенімділік берді.

СЕНБЕКҚЫЗЫ  Зылиха,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы

 

 

Сәйкес жаңалықтар

TikTok пен Instagram: жас ұрпақтың жаңа шындығы

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Қоғамдық денсаулық және дұрыс тамақтану

farabi shakirti shakirti