«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

14 жасар Еркебұлан техника жөндеумен айналысады

                        Мектеп жасынан ауыр техниканы тізгіндеп үйренген

      Келесте 9 сынып оқушысы техника жөндеумен айналысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

     Келес ауданындағы №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Еркебұлан Мәулен бос уақытында трактор мен жеңіл автокөлік жөндеумен айналысады. Ол сабақтан тыс уақытында аулада тұрған техниканы жөндеуге асығады. Сондай-ақ мектеп жасынан ауыр техниканы тізгіндеп үйренген.

   «Әкем механизатор болған. Ол Келес совхозында автомеханика саласында еңбек еткен. Әулетіміздегі азаматтардың басым көпшілігі осы техникаға қызығып, нәпақасын тауып отыр. Өзім де зейнетке жеткенше шопыр болып жұмыс істегенмін. Бүгінде немерелерім де осы салаға қызығып, білмегенін үйретіп, жол сілтеп отырамыз», – дейді Еркебұланның атасы Төлеген Мәуленов.

    Бүгінде жеткіншек ағасынан жеңіл көлікті жөндеудің қыр-сырын жетік меңгеріп жүр. Әзірге өзі жеке жөндеуді үйрене қоймаса да, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізіп, көмектесуде. 14 жасар Еркебұлан болашақта шебер механик болуды армандайды. Талантты баланың сынып жетекшісі Аширова Жамиланың айтуынша, Еркебұлан сыныпта да тәртібімен ерекшеленіп отырады екен.

    «Сыныбымызда дарынды балалар өте көп. Соның ішінде Еркебұлан ерекше көзге түседі. Достарының арасында сыйлы, әрдайым жолдастарына көмек қолын созуға дайын», – дейді сынып жетекшісі.

ERNUR.KZ

Сәйкес жаңалықтар

“ Ойымды суретпен жеткіземін ”

farabi shakirti shakirti

900 сағат ұшқан АҚШ-та 22 жастағы қазақ жігіті АҚШ-та алып әуекомпанияның ұшқышы болды

Ұмытылмас кезеңдердің бірі