«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

«Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу!»

Сурет: ЖИ, авторы — редакция

Баспасөз басылымдарының оқырманы азайып, газет-журнал тираж жинай алмай отырған бүгінде, Media саласында қызмет етуге бел буған түлектер қатары көбеюде. Қазіргі журналистика жаңа технологияларды игерген саланы цифрландыру, жасанды интеллектпен жұмыс істеу бағытын нығайта бастаған шақта, еліміздегі журналистер қатарының болашақта біздің  жас тілшілері арқылы артатынына қуанып келеміз.

Әрине, қолына білімнің қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Универсиетінен бастап, басқа да ЖОО журналистика факультетіне қадам жасап, қолына диплом алған жастың барлығы бірдей БАҚ-да қызмет істемеуі мүмкін. Жоғары білім алу барысында өзін тауып, қабілетіне қарай басқа салаға ауысып жатқан жастардың барын да білеміз.

Соған қарамастан, қиын да машақаты көп, өте мұқияттылықты, талап ететін БАҚ туралы заңды жақсы меңгеріп, елі үшін қызмет етуге дайын жастардың ниетін қолдап келеміз.  Жолдаған мақалаларына пікір айта отырып «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу!» деп, жазған дүниелерін басылымдарымызда жариялауға қолдау білдірудеміз. Әр оқушы өз қабілетіне, өзінің ойында жүрген бүгінгі күнгі өзекті мәселелерге тоқталып, батыл пікір айтып мақала жазуда. Олардың уақыты мен ойлау қабілетінің шыңдалуы мақсатында еркін тақырып тапсырып отырмыз. Тапсырманы бар ықыласымен орындап, ой-пікірін телефон арқылы айтып, мақала жазып келетін Жас тілшілеріміздің тізімін оқырман назарына ұсынамыз. Құтты болсын!

  1. АБДРАХЫН Ажар Ерланқызы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-қайрат ауылы,

«№19 орта мектеп-гимназиясының» 11 — сынып оқушысы.

  1. АМАНТАЙ Айман, Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы,

«Бауыржан Момышұлы атындағы» КММ ОМ 11 «Б» сынып оқушысы.

  1. ӘДІЛ Жансая, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы,

«Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ 11-сынып оқушысы.

Жетекшісі: ИСАЕВА  Динара  Асқарқызы,

тарих пәнінің мұғалімі. Педагогика ғылымдарының магистрі.

  1. БЕЙІЛХАН Перизат, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданыбойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ — нің 11 «А» сынып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Серикбай Надя, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің  мұғалімі

  1. ДАУКЕЕВААлима, Алматы облысы, Қарасай ауданы,
    «Ұлан орта мектебі» 11 – сынып оқушысы.
  2. КЕЛЬДЫБАЕВА Алуа Тулегенқызы, Алматы облысы, Қарасай ауданы «Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің» 11 «Г»  снып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

7.КИНЬЯЗОВА  Инаят  Конгратбайққызы, Алматы облысы,  Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы,

«Мұхтар Әуезов атындағы» мектебінің 11- сынып оқушысы.

8.Жанерке ҚАЛАС, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Шәкен ауылы, «№134-орта мектебінің»11-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Өтетілеуов Айдарбек,  Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі

9.ҚҰТТЫБАЙ  Азиза  Шакизадқызы,  Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,

«№176 мектеп-гимназиясының»  11 «Ә» сынып оқушысы

10.Асылжан  НҰРЖАНҚЫЗЫ, Абай облысы,  Ақсуат ауданы, «Көктүбек-мектеп-бөбейжай балабақша кешені» КММ 11-сынып оқушысы.

11.НҰРЛАН Аружан, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, «С.Керімбеков атындағы»

орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы.

12.РЫСПЕК Айзере, Жамбыл облысы,Тараз қаласындағы «№49 мектеп-гимназияның»

10 – сынып оқушысы.

13.САЙРАНБЕК Мөлдір, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»  коммуналдық мемлекеттік

мекемесі 11-сынып оқушысы.

Курс   жетекшісі: Құдайберген Саяжан, журналист

14.САДЫРБЕКОВА  Райхан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласының «№21 мектеп-лицейінің» 11 сынып оқушысы.

15.СӘТБАЙ Мәншүк, Ақтөбе қаласы, «Смарт-Білім» мектеп-гимназиясының  11 — сынып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Әйгерім Есмахан, «Алатау» телеарнасының тілшісі

16.СЕНБЕКҚЫЗЫ Зылиха, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы.

17.СЕРҒАЗЫ  Ақниет  Жақыпбекқызы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарақара ауылындағы орта мектептің 11- сынып оқушысы.

18.СЕРИКБАЕВА  Аяулым, Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Зият» мектебінің 11 сынып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Гүлім Мырзахмет, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

19.Тоғжан ТӨЛЕГЕН, Алматы облысы, Іле ауданы, «№24 МКМ лицейінің» 11 – сынып оқушысы.

Жетекшісі: Аяулым Сағынғали, «Алатау ТВ» телеарнасының тілші-редакторы

20.ТҰРДЫБЕКҚЫЗЫ  Гүлбақ, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Толқын ауылы, «Толқын орта мектебі» КММ 11 «Ә» – сынып оқушысы.

Жас тілшілерге арман жолында  мақсатттарына жетуіне тілек білдіруші:

«FARABI  SHAKIRTI»  журналы мен

farabishakirti.kz сайтының ұжымы.

 

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

“ Juz40 — мүмкіндіктер бесігі”

farabi shakirti shakirti

16 жасқа дейін әлеуметтік желіге жол жоқ!

Шымкенттік «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІНІҢ» оқушылары Қытайда өткен Халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды

farabi shakirti shakirti