Мультфильмдердің балаларға тигізетін әсері

Біз, Алматы қаласының 15 гимназияның бастауыш сынып оқушылары – Серікқан Еркенұр мен Ахметжан Әдисұлтан. Біз бір жыл көлемінде «Мультфильмдердің балаларға тигізетін әсері» тақырбында зерттеу жұмысын жүргіздік. Және зерттеу жұмысымызды ғылыми жобалар сайысына ұсынып, ол жобамызды қорғап, жүлделі орынды иелендік. Біздің жүлдегер атануымызға бастауышта оқытып келе жатқан ұстазымыз – Бахтиярова Марал Болатқызының еңбегі көп болды. Сайысқа бірге дайындалып, бізге ақыл-кеңесін беріп келеді. Ата-анамыз да біздің ынтамызға қуанып, қабілетіміздің байқалуына қолдау көрсетті.

Бастауыш сынып оқушысы болсақта, қатарлас құрбыларымыздың ертегіден гөрі смартфондағы түрлі сайттарға кіріп, баланың мінез-құлқын өзгертетін дүниелерге әуестеніп алған. Тіпті, кейбір балалар өздерін сол көрген мультфилм, комикстердің кейіпкеріне еліктеп, дәл солардай әрекет жасауға көше бастағанын да байқау қиын емес. Бір ғана мысал айтсақ, қыздар да, ұлдар да бетіне түрлі белгінің суретін салып, қабағын қатайтып, бірінің әзілін бірі көтере алмай күш көрсетуге дайын тұрады. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңында адамдардың,  балалардың да  бірінің денсаулығына бірі зиян келтіріп, ар-ожданын таптауға болмайтыны, осы әрекеті үшін заңмен тәртіпке шақырылатыны айтылған. Бұл қағиданы үйде ата-анамыз, мектепте мұғаліміміз үнемі айтып, есімізге салып отырады.

Бұл тақырыпты таңдауымызға түрткі болған нәрсе – мен, Еркенұрдың бауыры «Ютуб» желісін, «Nickelodeon», «Cartoon Network» деген арналарды көріп, мінез-құлқысының өзгеруі. Бауырым үлкендерді тыңдамай, ұрысып, жаман сөздер айтып, менімен де төбелесе бастады, өзін  «Я хаги ваги», «Я сиреноголовый», «Привет Сосед», «Я-Бейди еллоу» деген мультфильмдердің қаһарманы деп санап жүрді. Осы мәселе Еркенұрды қатты алаңдата бастады. Содан бастап, екеуіміз ақылдасып, оның бауырына жағымсыз мультфильмдерді көруге тыйым салдық. Оған «Балапан» арнасындағы бағдарламаларды, жағымды мультфильмдерді көрсетуге тырыстық. Бірнеше аптада өткенде бауырымыздың мінез-құлқының дұрысталғанын, әдеппен сөйлей бастағанын байқадық.

Және де сыныптастарымызбен мультфильмдердің жағымды, жағымсыз түрлері болатынын, тек жағымды мультфильмдерді көру керектігін ескерттік. Атап айтсақ, «Маша и медведь», «Том и Джерри», «Лунтик», «Фиксики», «Простоквашино», «Алдар көсе», «Тоқты мен Серке», «Али мен Айя», «Батырлар», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмдерін көруге ұсындық. Мультфильмдердің пайдасы көп, олар дұрыс және мейірімді нәрселерге үйретеді. Бала мультфильмнен достасуды үйренеді, аяушылық білдіруді, өзіне сенуді және басқаларға көмектесуді меңгереді.

Ертегілердің, соның ішінде балалар ата-әжелерінен, немесе телефон арқылы сүйіп тыңдайтын қазақ халқының ертегілерінің тәрбиемізге беретін маңызы өте зор. Ертегі тыңдамайтын бала жоқ. Ұстазымыз айтқандай, ұлттық құндылықтарымыз – халық ертегісінде жатыр. Ертегі оқу арқылы ең алдымен Ана тілімізде көркем сөйлеуге ұмтыламыз. Сауатты жазамыз. Тәрбие аламыз. Ертегі – фольклордің негізгі жанрының бірі  екенін білдік. Ертегі – қазақ ауыз әдебиетінің төл туындысы. Сол себепті, Еркенұр екеуіміз Марал Болатқызының жетекшілігімен «Мультфильмдердің балаларға тигізетін әсері» деген тақырыпты алып, зерттедік. Алдағы уақытта бұл тақырыпты зерттеуді жалғастыра бермекпіз.

                                                                          СЕРІКҚАН Еркенұр,

3 «А» сынып оқушысы.

                                                                          АХМЕТЖАН Әдисұлтан,

2 «А» сынып оқушысы

                                                                     Алматы қаласы, «15 гимназия»