«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді

2024 жылғы 12 желтоқсан

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді.

1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған.

Заманауи үлгіде жабдықталған мектепте 77 оқу кабинеті, мультимедиа сыныптары, спорт, гимнастика, мәжіліс пен кітапхана залдары, ағаш, металл және тігін шеберханалары бар.

Президент жаңа оқу ордасын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы мектепке автобус сыйға тартты.

Жалпы, биыл Жетісу облысында 3 жаңа мектеп ашылған. Оның ішінде екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Атап айтқанда, Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орындық, Көксу ауданының Қаратал ауылында шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі кезде облыс бойынша 5 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Akorda.kz

Сәйкес жаңалықтар

Ақтауда суға батқан баланы құтқарған алматылық жасөспірім марапатталды

Бақыттың кілті — заманның тыныштығында

farabi shakirti shakirti

Дәл сол сәтте жасөспірім мадақтауды, марапаттауды ойламады