«Адасттырма адалдықтың жолынан»

Аттап өту ақ сайтанның торынан,
Келеді ме пенделердің қолынан?!
Ей, жүрегім! Өтінемін өзіңнен,
Адастырма адалдықтың жолынан.
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру мақсатында «Адастырма адалдықтың жолынан» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Қоғамда “Сыбайлас жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, жастарды өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Ақпараттық шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Жұмамұратова Әсел Бауыржанқызы және осы орталықтың еріктісі, волентер Тағанов Еркебұлат Серікұлы қонаққа келді. Орталық мамандарымен пікір алмасып, көкейде жүрген сауалдарға жауап алуға мүмкіндік болды. «Қоғамда сыбайлас жемқорлық қашан жайыла бастады?», «Жалпы сыбайлас жемқорлық деген не?», Пара беруден басқа қандай іс-қимылды қамтып отырғаны туралы толық ақпарат айтылып, пара бергені үшін, парақорлыққа делдал болғаны үшін заң жүзінде қандай тәртіп қолданылатыны түсіндірілді. Еркебұлат Серікұлы өзі секілді ерікті түрде жұмыс жасап жүргендер және қатарға ерікті түрде қосылатындар саны туралы айтып өтті.
Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығудың жолы міндет етіп қойылды. Ол жол — сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Әрине, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Құрметті жастар, әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысыңыздар дегіміз келеді.
Лаура ЕРІКҚЫЗЫ,
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер
кітапханасының қызметкері. Ақтөбе қаласы.