«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Ақмарал Әлназарова Қарағандыдағы шабуылдан зардап шеккен дәрігерлерге барды

—Қарағандыда балалар ауруханасының дәрігерлеріне көрсетілген озбырлық еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін өзекті етіп отыр. Ақ халаттыларға науқастың туысы жұдырық жұмсап, бірнеше қызметкердің денсаулығына ауыр зақым келтірген,- деп хабарлайды farabishakirti.kz https://24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленген дәрігерлердің бірінің миы шайқалып, екіншісінің мұрын сүйегі сынған. Қазір зардап шеккендер облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оқиға орнына барған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл жағдайды: «Жай бұзақылық емес, медицина қызметкерлеріне қарсы жасалған ауыр қылмыс», — деп бағалады. «Өз өмірін өзгенің денсаулығына арнаған адамдарды, соққыға жығу, тек агрессия емес, адамгершілікті аяққа таптау. Бұл әрекет қатаң жазалануы тиіс», — деді ведомство басшысы. Министрдің айтуынша, кейінгі жылдары қауіпсіздікті күшейту бағытында бірнеше бастама қолға алынған. Атап айтқанда, медициналық мекемелерге бейнебақылау жүйелері орнатылып, дабыл түймелері енгізілген, ал агрессиялық әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту ұсынылған.

https://24.kz

Сәйкес жаңалықтар

Дәрі-дәрмек пен табиғат: экологияны сақтаудың жолдары

Қазақ сатирасының бүгінгі жайы

farabi shakirti shakirti

Қазақ қызы – ұлттың айнасы