«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Қандай адам, ол?

Сурет: https://exclusive.kz/

Волонтер — өз қалауы бойынша адамдар мен жануарларға көмек беру үшін әртүрлі іс-шараларға қатысатын адам. Олар өздерінің жасаған көмегі үшін ақы алмайды, себебі көмекті шын жүректен жасайды. Волонтер әртүрлі көмек түрлерімен айналысады. Мысалы, мұқтаж жандарға азық-түлік таратады; жануарларды құтқарады; төтенше жағдайларда көмек беріп, қолдау көрсетеді. Волонтер болу — оңай емес. Кез-келген адам волонтерлер сияқты ақы алмай, қоршаған орта үшін тер төгуге дайын емес. Волонтер болу үшін адам бойында адамгершілік пен жауапкершілік деген жақсы қасиеттер болуы тиіс. Өзге адамдардың мәселелеріне бейжай қарамай, қолдау көрсете білуі керек. Адамдарға және өз ісіне адал, берілген тапсырманы уақытында орындай білуі қажет. Ең маңызды қасиеттердің бірі — эмпатия. Тек көмек беріп қана қоймай, адамның жай-күйін сезіне білуде маңызды. Эмпатия арқылы адамдармен сенімді қарым-қатынас орната алады.

Қазіргі таңда волонтерлік организация мен іс-шаралар ақтуалды.

«Котопес» қоры: Бұл қор 2012 жылы Алматы қаласында құрылды. Басты мақсаты — жануарларға көмек көрсету. Қор ашылғаннан бері 3000-нан астам жануарды құтқарды.

«Lider»: Жоғалған адамдарға және олардың туыстары мен жақындарына көмек беретін волонтерлік бірлестік. Олар 2016 жылы құрылды және сол уақыттан бері полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен ынтымақтасып келеді.

«Твори Добро»: Волонтерлер аз қамтылған көп балалы отбасы мен қарт адамдарға көмек береді.

Волонтерлер — қоғам үшін көмекке әрқашан дайын жандар. Олар тек адамдарға ғана емес, жануарлар мен қоршаған ортаға өз пайдасын тигізуде. Олар үлгі тұтарлық адамдар.

САДЫРБЕКОВА  Райхан,

Ақмола облысы, Көкшетау қаласының

«№21 мектеп-лицейінің» 11 сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Бас муфти Сағадат ақсақалға қажылыққа жолдама сыйлады

«Адасттырма адалдықтың жолынан»

Ойланбасаң, өміріңді ойрандайды

farabi shakirti shakirti