«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ардақтысы елімнің

Болады деп арманда

Мұқағали Мақатаев

— Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба.
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,
Жалғанға.
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!
Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам таңданба!
Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,
Алданба!
Шығатұғын күндерге де,
Ататұғын таңдарға,
Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.
Өтер кетер, өтер кетер…
Дейміз ғой біз мұңайып.
Дейміз-дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа
Бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,
Құласақ та, тек биіктен,
Құзға барып құлайық!
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ойнағында,
Біз тұтатқан от жансын,
…Ей, Болашақ!
Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!
Мүмкін, бізді ұмытарсың..
Кім біледі?..
Жоқтарсың…

 

Сәйкес жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев 2 жасар сәбиді құтқарған жасөспірімге пәтер кілтін табыстады

farabi shakirti shakirti

Құрметті ҚОЖАХМЕТОВА Мағира Дәулетбекқызы!

«Әр өлеңі – бір әлем»