Даналар айтқан дана сөз

Жүсіп Баласағұн

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Қорқыт ата

Қыз ақылды ескермес-ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарлықап ас бермес-әке үлгісін көрмесе.

Сократ

Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.

Махмұд Қашқари

Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.

Әлішер Науаи

Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Әйтеке би

Қара қылды қақ жарған — жақсылардың белгісі.

Мұхтар Әуезов

*Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

*Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.

*Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Жүсіпбек Аймауытов

Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды.

Ілияс Жансүгіров

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы…
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.

Расул Ғамзатов

Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.

Ілияс Есенберлин

Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.

 Ғабиден Мұстафин

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.

Шерхан Мұртаза

Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.

Дереккөзі: https://www.zharar.ru