Құдайберген Қуанұлы ЖҰБАНОВ (19.12.1899 — 25.02.1938 жж.)

«Жорға немесе желден жүйрік тұлпарды
алғашқы аяқ алысынан-ақ тануға болса, сол
секілді Құдайберген Жұбановтың да бірінші
қадамдары оның кім екенін, қоғам үшін
маңызын білдіретін еді».

Мұхтар Әуезов 

     Құдайберген Қуанұлы анкетада өзінің көрсетуі бойынша,  неміс, араб, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдерін өте жақсы білген.

     Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – қазақтың тұңғыш филолог-ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткерi, алғашқы қазақ Академиясын – КСРО ғылым   Академиясының филиалын ұйымдастырушылардың бiрi, Қазақ тiл бiлiмiнің ғылыми негiзiн және Қазақстандық кәсiби ғылымның негiзiн қалаған.

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда Ақтөбе облысының Темiр-Орқаш болысына қарасты Ақжар деген жерде (қазiргi Мұғалжар ауданы) Ақтөбе облысы дүниеге келген.

Ленинградтағы Енукидзе атындағы Tipi Шығыс институтын 1928 жылы аяқтап, ал, 1929-1932 жылдары сол институттың аспирантурасында оқып, бiр жылдан кейiн сол жерден КСРО ғылым Академиясы жанындағы Тiл және ойлау Институтының аспирантурасына ауысады. 1932 жылы аспирантурадағы оқуын «Tүpкi тiлдерi» және «Жалпы тiлi бiлiмi» мамандықтары бойынша аяқтайды.
Өзiнің қысқа ғaнa өмiрiнде Құдайберген Қуанұлы Жұбанов парсы, араб, нeмic, түpiк, моңғол, грузин, чуваш, коми, орыс және көптеген түpкi тiлдерiн өте жақсы бiлген. Кейiнiрек ол қытай тiлiндегi ғылымның кiлттерi жасырылып, жапон тiлiне аударылған дерек кездерiн оқу үшін жапон тiлiн үйрене бастап, алдағы уақытта қытай тiлiн оқуға мақсат қояды, алайда бұл жоспарлары жүзеге аспай қалады.

Бала кезінен нағашы атасы Тағыберген Жамашұлымен бірге «Алаш» көшбасшыларының жиналысына қатысқан Құдайберген Жұбанов олардың идеяларын терең түсініп, кейінірек өзі де «Қазақ», «Алаш», «Көсем» газеттері мен «Қызғалдақ» журналына Шектi және Қараша бала деген бүркеншiк атпен мақалаларын жариялады. Ал сол кездегi жас қазақ зиялыларының жастар қолжазба журналы шығуының алғашқы бастамашысы болды. Мәселен, Електе «Тез», содан кейiн Teмip қаласында «Ай» журналдарын басқарды.
Еңбек жолын Құдайберген Жұбанов 1918 жылы лауазымын болыстың Совдепiнің хатшысы бастап, одан кейiн бiрте-бiрте бiлiм және ғылым саласына ауысады.

Еңбек жолымен қатар Құдайберген Жұбанов ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналыса жүріп, үлкен қызығyшылықпен тiлдердi үйренедi, сонымен бiрге психология, педагогика, логика мен рефлексология жөнiнде жазған еңбектерiн қызығып оқиды.

Аспирантураны аяқтап, 1932 жылдан бастап 1937 жылдың тұтқынға алынған қараша айына дейiн Қазақ педагогикалық институтында профессор болады және ғылыми, педагогикалық, мемлекеттік және қоғами қызметтермен қатар Қазақ тiлi және әдебиетi кафедрасының меңгерушiсi қызметiн атқарады.

1933-1937 жылдар аралығында коллегия мүшесi, әдiстеме, бағдарлама және оқулықтар секторының меңгерушiсi, қазақ КСР Халық aғapту комиссариатының терағасы, сонымен бiрге Қазақ КСР мемлекеттiк терминологиялық комиссиясының төрағасы және «Мемтерминком Бюллетенiнің» бас редакторы қызметтерін атқарған.
1936-1937 жылдары лингвистикалық сектордың меңгерушiсi, Ғылыми Кеңестiң мүшесi, КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы Президиумының мүшесi, сонымен бiрге «Қазақ тiлiнің Академиялық сөздiгiнің» бас редакторы болады.

1935 жылдан бастап 1937 жылға дейiн Қазақстан ұлттық мәдениет институтындағы Ғылыми Кеңес мүшесi және Жаңа әлiпби (латынша) бойынша Жалпыкеңестiк Орталық Комитеттiң мүшесi болады.
1935 жылы Қазақстан Орталық атқару комитетiнің мүшелiriне сайланып, ХVI Кеңестердiң Жалпы-Ресейлiк съезiне делегат болады, «Қазақстанның 15 Жылдығы» атты құpмeтті белгiмен наградталады.
1937 жылдың 19 қарашасында «халық жауы» деген жаламен тұтқындалып, 1938 жылдың 25 ақпанында – Қазақстанның белгiлi мемлекеттiк және қоғам қайраткерлерiн жаппай атудың ең бiрiншi күнi-ақ атылған.
1957 жылдың қазанының 3 күнi еш қылмысы болмағандықтан ақталған

 Құдайберген Жұбановтың ғылыми қызығушылығы мен мұрасы және оның еңбектері бойынша жарияланымдар

       Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми мұpacы теориялық және практикалық көлемдi мәселелердi қамтиды, олардың көпшiлiгi әлi де болса Қазақстан ғылымы алдында шешiмiн күтiп тұр. Қазақ тiл бiлiмiнің тарихында қазақ тiлi, әдебиеттану, педагогика бойынша оны алғашқы монографиялық еңбектердiң авторы ретiнде мойындайды. Құдайберген Жұбанов еңбектерi үшін түpкi тiлдерiнің мәселесiнде зерттеудің салыстырмалы тарихи әдісі тән.
Құдайберген Жұбанов – қазақ орта мектептерiнің 5-7-кластарына арнап жазылған алғашқы оқулықтардың бiрi, Қазақ тiлi грамматикасын кеңес академик-түркологы С.Е.Маловтың бағалауынша, сол кездегi латын әлiпбиiне негiзделген қазақ әлiппесiнің үздiк жобасының, сонымен қатар Қазақ тiл бiлiмi мен Қазақ мәдениетiн дамыту мәселелерi бойынша көптеген практикалық әзiрлемелердiң авторы болды.
Құдайберген Жұбановтың ғылыми идеялары қазiргi ұрпақтың қазақ тілі, әдебиет, философия, педагогика және психология жөнiндегi зерттеу iстерiне, ондаған ғылыми монографияларға, кандидаттық, магистрлiк және докторлық диссертациялық зерттеулерге, сондай-ақ ғылыми мақалалар мен баяндамаларға, гуманитарлық мамандықтардың арнаулы курстарына, сонымен бірге «Жұбанов тағлымы» ғылыми конференциясына негіз болды.

Қ.Жұбанов атындағы өңірлік Унивкерситетінің кітапханасы.

Ақтөбе қаласы