М. Мақатаев: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі

КАЗЫЕВА Гавхар  Дуйсенбаевна,

 Түркістан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы,

Сырбек Каттебеков атындағы жалпы білім беретін мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

…«Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?
«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән-самалы,
Қаншама аққу кетті екен — аңсаған ән?»

(Поэмадан үзінді.)

Кіріспе: Сабағымның кіріспесін ақынның поэмасының үзіндісінен бастадым. Ерте заманда болған, не адамның қиялынан туған аңыз әңгіме желісін пайдаланған Мұқағали оны дастанға айналдырды. Дастан оқиғасының өзектілігін бүгінгі күнде де жойған жоқ. Оқушыларға қазақ әдебиеті пәнін тереңдете оқыту арқылы өткенді бүгінгімен салыстырып, ЖИ пайдаланып сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, өзекті мәселені бірлесіп талқылап, орындауға мән беруді үйретемін.

Мақсаты: әдебиет арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлеуді, оған бей-жай қарамай, күнделікті пайдалана білуге баулу. Әдебиет сабағында, ақындардың өлеңдері арқылы жасөспірімдерді Отансүйгіш, еңбекқор бола отыра, кітап оқуға құштарлығын арттыру.

Жауапкершілігі жоғары, машақаты өзінен жетіп артылатын, соған қарамастан  шәкірт жүрегінен орын алатын ұстаз мамандығын таңдағанға дейін ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын жаттап, өстік. Бала көңілден бір өлеңін шабыттанып оқыдық, біреуіне мұңайдық. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып, өлім аузында ата-анасынан ажалға араша сұрап жатқан нәрестені, ұлының дертіне дауа таппай жаны күйзелген әкені елестеткенде біз ауырсақ, ата-анамыз дәл осы күйді кешеді екен деп жанымыз ауырды. Тәуіп шалдың баланы аққудың қанатымен ұшықтаса, адам қатарына қосылады деп берген жалған сөзін шындай көріп, күйеуінің қолындағы мылтығын алып «Жетім көлдегі» аққуды атуға келіп құс киесін нысанаға алуға жүрегі дауамай тұрғанда кенеттен мылтық атылып кетеді де, аққуға тигенде, үйдегі баласының жан тәсілім еткеніне өксігімізді баса алмай жылағанбыз.

Міне, ақын поэмасын ұстаздық еткен жылдан бастап  талқылап келеміз. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 8 — сыныпта сабақ өткен сайын «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы менің алдымнан жаңа панорама ашады. Қайталап оқудан өзім де жалықпаймын. Оқушылар да поэманы бар ыждаһатымен оқып, жаттап, актерлік шеберлігі басым оқушылар образға кіріп кететіні – маған жаңа қырынан шабыт сыйлайды. Шығармада ата-ана, бала, тәуіп шал мен жылқышы, бес қана кейіпкер бүкіл шығарманың шырайын ашып береді. Бұл – ақынның құдіреттілігі, поэзия құдіреттілігі десек, орынды айтылған дер едім. Поэма 1973 жылы жазылған. Жарты ғасырдан астам уақыт оқырмандарын жоғалтпаған шығарма.

Иә, шығармада адам өмірі, табиғат, адамның көңіл-күйі, ананың сәбиі үшін ешнәрседен тайынбайтын батылдығы бір-бірімен қабысып  жатса да, адам баласының «кие» сөзіне мән беру қажеттігін, отбасына, баласына, жеке шаруасына байланысты туындаған мәселені шешіледі деп бөгде адамдардың берген ақыл-кеңесіне сенуден бұрын байыппен  ойлап барып бір байламға келу қажеттігін, әр істе ақылшы көп болғанымен, шынуайтында адам өз мәселесін өзі ғана шеше алатынын көрсетеді. Осы орайда асығыстық  — шайтанның ісі деген қағиданы естен шығармау керекетігін де ойға салады. Адам өмірінің мәні – бала. Бала үшін шарасыздыққа бару жақсылық әкелмейтінін ұқтырады поэма. Оқушыларға жан-жақты, соның ішінде қазіргі цифрлық сауаттылықты, ЖИ –мен жұмыс істеу артықшылықтары мен зиянды тұстарын айта отырып, сақ болмаса одан келетін зиянды, адам өміріне төнетін қауіп туралы да айтып өтемін. Адам болған соң ауру-сырқаусыз болмайды. Дертті ұшықтырып алып, қапы қалмас үшін адамдар, соның ішінде ата-ана медицинаға жүгінуі керек. Байқағанымыздай, көп ата-ана дәрігер көмегіне жүгінуден гөрі өздері ғана емес балаларын да емшіге апарады. Емшіге көп сенеді. Әрине, емшінің ішінде тұқым қуалап келе жатқан қасиет қонғандары да бар. Сауда жасағанда, интернет саудасына қызығып, не ақша, не тауарға қолы жетпей, сан соғып қалғандар қаншама?!. Көріпкелге барамыз деп гипнозға дуаланып, асыл тастарынан айырылып жатқан әйелдер көбеймесе, азаяр емес.

Ақын тәуіп шалдың баласын арашалап алар дәрумен  таппай жүрегінің қан жылағанын көріп, аққуды қанатымен аластаса, дертінен айығатынын айтады. Алайда, тәуіп адам да сауатсыз болып тұр. Оның айтатын уағыздарында табиғатқа зиян келтірмеу, құстарды, соның ішінде киелі құс аққуды атуға болмайтынын білмейді емес, біледі. Алайда, арандатып отыр. Ана да «балам жер баксып тұрса, болоды» деп аққуды атуға оқталып, көлге қарай жүгіреді. Аққуды айтқан күнде тереңдігі адам бойламайтын көлдің дәл ортасынан аққудың қанатын қалай жұлып алар еді? Бұл – сол заманда мүмкін емес нәрсе. Қазір де мүмкін емес. Қазіргі заманда технология дамыған заман дегенімізбен, заманауи техниканың да әлі жетпейтіні рас. Аққуға оқ тиіп, көлдің ортасында сұлап қалған соң,  мылтықтың дауысын естіген  жылқышының  анаға айтқан ақылы қиналғанда, адам жалғыз емес екенін, жақсы ісі де, жаман әрекеті де қоршаған орта мен адамның назарынан тыс қалмайтынын меңзейді. Шығарманы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда осылайша салыстырып өтемін.

Поэманы бағдарламаға сәйкес, көркемдегіш құралдарды пайдаланып өткіземін. Айталық, психологиялық параллализм, перипраз, сатира, ирония, гратеск, эллипсис қолданысын пайдалана отырып, оқушылармен бірге талдаймыз. Оқушылар талдай алатын тұстарды өздеріне сұрақ қоя отырып, мазмұнын бүгінгі мысалдармен тлықтырамын. Арасында үй тапсырмасын орындау сәтін «Ыстық орындық» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қойып, талқылаймыз. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, аққу құсына байланысты сурет, музыкалық  шығармаларды атаймыз. Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Нұрғиса Тілендиевтың «Аққу» күйін тыңдаймыз. Шәкірттеріме  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қайталанбас туындысы «Қыз Жібек» киносына арнап жазғанын айтамын. Күйді тыңдай отыра тақырыпты талқылап, сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. «Алтын микрофон» ойынын ойнатып, күй мен поэманың арасындағы байланысты қалай сезгенін балалар бір-бірінен сұхбат алу арқылы айтады. Күй мен шығарманың айырмашылығын анықтаймыз.

Шығармада айтылған аққуға байланысты топтық жұмысқа тапсырма беріп, табиғат туралы үзіндіні оқытамын. Аққудың әсемдігін сурттеген жолдарды жаттайды. Аққудың мүшкіл халін суретпен көрсетеді. Дескриптор: табиғат, аққудың сұлулығы суреттелетін үзіндіні анықтайды; жаралы аққу бейнесіне талдау жасайды. Баяндау, пейзаж, суреттеулерге мысалдар келтіреді. Аққу мен кейіпкер арасындағы психологиялық параллализмді анықтайды. Риторикалық сұрақты кейіпкер моногының ішінен табады. Топтар бір – бірін бағалайды. «Мен үшін аққу…» тақырыбында постер қорғайды. Бұл сабақ барысындағы 3- тапсырма. Қалыптастырушы бағалау сәтінде, «Ыстық орындық», «Егер мен автор болсам…» оқушылар автор бейнесіндегі оқушыға шығарманы оқу барысында туындаған сұрақтарын қояды. Рефлексия: қабырғадағы суреттердің тұсына барып,  оқушы өзінің сабақ барысындағы іс-әрекетін бағалайды.

Үй тапсырмасын алды.

Ақын суреті:https://bilim-all.kz/ сайтынан алынды.