Ұстаз – ұлы тұлға, ұрпаққа үлгі

Туған атам Мұстафаев Әріпбек Мұстафаұлы мен әжем Мустафаева Забира Калилакызы – екеуі де 40 жылдан астам уақыт бойы білім саласына бар өмірін арнаған ардақты жандар. Олар – өз заманындағы мектептің бетке ұстар, үлгі тұтар ұстаздары болды.
«Ұстаз» – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Ұстаз – жүректен жүрекке жол таба білетін, шырақ алып, жол көрсететін шамшырақ. «Атпаз көрген — ат таныр, ұстаз көрген — хат таныр»,- дейді дана қазақ. Осы бір сөздің өзінде-ақ ұстаздықтың мәні мен маңызы терең көрініс табады.
Мен үшін ұстаз – киелі есім. Себебі менің өмірім ұстаздармен тығыз байланысты. Туған атам мен әжем — өз заманындағы
мектептің бетке ұстар, үлгі тұтар ұстаздары болды. Қарапайым ауыл мектебінде ағылшын тілінен сабақ беріп, сансыз шәкірт тәрбиелеп шығарды. Өз білімін шәкіртке беріп қана қоймай, адамдық қасиет пен тәртіптің үлгісін көрсете білді.
Атам мен әжемнің адамгершілігі мен еңбекқорлығы – мен үшін әрдайым мақтаныш. Олардан қалған өнеге – бүгінгі менің бағытым, болашаққа бағдарым. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, мен де сол биікке ұмтылып келемін. Әулетімнің әр мүшесі – ұстаз. Отбасымыздың әр бұтағы – білім мен тәрбиеге қызмет етіп келе жатқан жандар. Бұл – біздің әулетіміздің мақтанышы әрі жауапкершілігі.
Ұстаз болу – жай ғана білім беру емес, ұрпақ тәрбиелеу, болашаққа бағыт беру. Олар – бала жүрегінің кілтін таба білетін психолог, шексіз сабыр иесі, өмірдің нағыз ақылшысы. «Ұстаздың аты биік, бәрінен» деген сөз текке айтылмаған.
Мен үшін ұстаз – қадірлі тұлға. Олар – жүректегі шуағын аямай, әр шәкіртінің тағдырына алаңдайтын ардақты жандар. Ұстаздарымды өмір бойы сыйлап, құрметтеп, аялап өтемін. Себебі, менің тұлға болып қалыптасуыма, биікке талпынуыма себепші болған – дәл осы ұстаздар.
Қай қоғам болмасын, ұстазға деген құрмет – ұлттың рухани деңгейінің көрсеткіші. Білімді ұрпақ – ұстаздан. Саналы ел – ұстаздың маңдай терінің жемісі.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай
сөзі – бүгін де өз маңызын жоғалтқан емес. Ұстаз – мәңгілік шырақ. Ал мен сол шырақтың жарығымен алға басып келемін.
Ұлағатты ұстаздар алдында бас ием!
Тәлім-тәрбиесіне тағзым етем!
Өмір бойы ұстаздан үйреніп, солардың жолын жалғаймын! АРИПБЕК Балнұр Ғалымжанқызы,
«Қосан Мамытов мектебі»,
Түркістан облысы, Төле би ауданы, Зертас ауылы
Шығармашылық жетекшісі:
ТЛЕГЕНОВА Алтынай Шарипханкызы
*Суреттер автордың жеке архивінен жіберілді.





