«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

«Табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы»

5 маусым әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, ал Қазақстанда кәсіби Экологтар күні болып атап өтіледі. Бұл күн 1972 жылдан бері табиғатты аялау және экологиялық мәселелерге қоғам назарын аудару мақсатында тойланады.

Сурет: ЖИ; жолдаған автор

Бүгінде экология мәселесі әлем елдерін алаңдатқан ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың азаюы адамзаттың болашағына әсер ететін маңызды мәселелер қатарында. Сондықтан табиғатты қорғау тек экологтардың ғана емес, әрбір азаматтың міндеті.

Экологтар – табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сақтауға күш салып жүрген мамандар. Олар ауа мен судың сапасын бақылап, қоршаған ортаға келетін зиянның алдын алу жолдарын қарастырады. Табиғатты зерттеп қана қоймай, оны сақтаудың тиімді шешімдерін ұсынады. Осындай жауапты мамандық иелерінің еңбегі қоғам үшін аса маңызды.

Табиғат – бізге аманат етілген баға жетпес қазына. Алайда соңғы жылдары қоршаған ортаға немқұрайлы қараудың салдары жиі байқалуда. Кей жерлерде өзен-көлдер ластанып, тұрмыстық қалдықтардың көлемі артып келеді. Мұндай жағдайлар табиғатқа ғана емес, адам денсаулығына да қауіп төндіреді.

Экологиялық мәдениет әр адамнан басталады. Қоқысты бейберекет тастамау, ағаш отырғызу, табиғат аясында тазалық сақтау, су мен электр қуатын үнемдеу қоршаған ортаны қорғауға қосылатын қарапайым, бірақ маңызды үлес. Табиғатқа жанашырлық танытқан қоғам ғана жарқын болашақ құра алады.

Экологтар күні – табиғат жанашырларының еңбегін бағалайтын мереке ғана емес, әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейтін күн. Табиғаттың бүгінгі жағдайы – ертеңгі ұрпақтың өмір сүру сапасы. Сондықтан туған жеріміздің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оны келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу – баршамыздың ортақ парызымыз.

Аяулым  БҰХАРБАЙ

Астана қаласы, М.Әуезов атындағы

№86 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы

Республикалық «Farabi shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының Жас тілшісі

Жетекшісі: Байтугулова Кульбаршин Калидулаевна,

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сәйкес жаңалықтар

Бас муфти Сағадат ақсақалға қажылыққа жолдама сыйлады

Кино – қоғам айнасы

Жанұям — бақыт бесігі

farabi shakirti shakirti