«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Басты ақпаратМұғалім мәртебесі

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды

2025 жылғы 25 желтоқсан     Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты.

Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді.

Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.

Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.

Білім ошағының негізгі мақсаты – келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.

Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.

https://akorda.kz/

Сәйкес жаңалықтар

«Халқымыздың татулығын бұзып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде жауапқа тартылады»

farabi shakirti shakirti

⚡️Президент Парламентке өту үшін бес пайыздық межені қалдырған жөн деп санайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

farabi shakirti shakirti