Тарбағатай баурайындағы Ақжар ауылы туралы фиьлм бар

«Ақжар-Мәскеу» деректі фильмі туралы қысқаша баяндау
Маған туған өлкемнің тарихын зерттеу ұнайды. Шығыс Қазақстан мен Абай облысының табиғаты талайды тамсандырса, адам өмірінің күре тамыры -әр ауылда туып-өсіп, елімізді түлетуге үлес қосқан тұлғалары өз алдына. Елімнің шығысы туралы әңгіме басталғанда, дәуір данасы Абай, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедханов, Париждің төрінде ән салып, шетелдіктерді аузына қаратқан Әміре Қашаубаевтай сұңғыланың есімін мақтанышпен атаймыз.
Бүгінгі еліміздің жастарына жалынды жырлары мен қайталанбас проза жанрына түрен салған ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, тарихымыздан тәмсіл алудамыз. Оралхан Бөкей, Ұлықбек Есдәулет, ақын апаларымыз Тұрсынхан Әбдрахманова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлнар Салықбай, Парламент Мәжілісінің депутаты, айтыс ақыны Ринат Зайыттың есімімен қатар сол кездегі облыстық мәдениет басқармасының басшысы Оралбек Малдыбаевты да ауыл адамдары қатар атайтынының куәсі болдым.
Облыс орталығы – Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына барғанымда, Оралбек аға туралы мәліметтерді іздедім. Кітапхана архивінде Оралбек Малдыбаевтың «Ақжардан-Москваға» атты кітап жазғаны айтылған. Кеңес дәуірінде жаңа қырынан дамыған Ақжар ауылы туралы тебірене жазған кітабының желісімен «Ақжар — Москва» деректі фильмі шығарылды. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы республика атынан Мәскеудің Кремлінде тұңғыш селолық театр ретінде өнер көрсеткен «Ақжар халық театры» жайлы деректі фильм түсіріпті.
1962 жылы 40-қа жуық халық театрлары арасында өткен сайыста «Ақжар халық театры» 1-орын иеленіп, КСРО астанасы Мәскеуде өнер көрсету құрметін жеңіп алды. Қазақ өнерінің мүйізі қарағайдай жампоздары Асанәлі Әшімов пен Сәбит Оразбаевты өнерге әкелген белгілі режиссер Асқар Тоқпанов, Ақжар ауылына арнайы шақыртылып театр актерлерін Әуезовтың «Қарагөзін» Айтматовтың «Жәмиләсін» сонау Кремль төрінде қоюға дайындаған.
1963 жылы ауыл театрлар арасынан іргетасы кеше қалансада, суырылып шыққан театр туралы «Қазақфильмнің» «Ақжар-Москва» деректі фильмі — бұл да бір тарих парағына жазылған қазақ өнерінің тамаша көрінісі. Фильмнің түп нұсқасы «Қазақ мемлекеттік кино-фото және дыбыс жазу мұрағатында» сақтаулы.
Дінмұхаммед АХАНОВ,
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің11-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Төкенова Әсел Нұрланқызы,
Қазақ тілі және Әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Дереккөздер:
Wikipedia.https://share.google; https://martebe.kz/azharly-auyl-akhzhar/
Сурет:https://kazpravda.kz/





