Жанұям — бақыт бесігі

Суретте: менің жанұям
Отбасындағы әр бала жанұя – ата-ананың қуанышы. Жанұя барда бар бала бақытты, жүзінен күн нұры төгіліп, болашаққа нық сеніммен барады. Жанұя-әр баланың өміріндегі ата-ананың жылуы мен махаббатқа бөленетін ортасы. Жанұя ол…Тәрбиенің іргетасы, жылулық пен мейірім мекені.
Жанұя бар үй, ең ыстық ұя. Жанұясыз үй, балалы базар емес, ол жай ғана үй. Жаурағанды жылытатын, жылағанда жұбататын ортаң жанұя әр бала үшін ыстық орта. Жанұя, ол кеңес, жылулық, махаббат, бақыт-шаттық алатын және бөлісетін орын. Жанұя, ол тек туған мекендегі үй емес, жанұя бар жер, ол менің де үйім.
—Бақытты жанұянның сыры неде?
—Бақытты жанұянның сыры қарапайым ғана жауап. Бақытты жанұяның сыры ол-гармонияда болу, бір-бірін тындай білу, тек материалдық түрде емес, рухани турдеде қолдау бере білу. Ешқандай сыр жасырмай ашып айту, қиындықтарды бірге шешу.
Бақытты жанұя-бақытты отан. Әрбір адам баласы үшін, жанұя өмірінің есігін ашқан пана. Жанұя ересек өмірге баулитын, ең жақын сырлас пен дос бола білетін адамдар қоғамы. Адам өмірінде болашағының, мінез-құлқынның, этикеттің жанұя іргетасы. Жанұя кемшілігінді жасырмай айтып, түзетуге жол бастайтын ақылшың. Айнадай таза шындықтың ориасы. Ата-анаң, бауырларың – сенің тірегің. Құласаң алдыңда ағаң, артыңда інің бар. Сенің алға басқан әр қадамыңа қуанып, жетістігіңе шынайы қолдау білдіреді. Тек сені алға қарай адымдай берсін дейтін – тілеушің. Жанұя ел алдында мақтап, отбасында тәрбиелейтін орта. Тек жанұя ғана ешбір көре алмаушылықсыз, арам ойсыз ақыл-кеңес беретін ортаң. Жанұяң егер кемшілігіңді, артықшылығыңды айтса демек ол ақиқат. Ал бұл ақиқаттың жанында өзгенің сөзі шетте қалады. Жанұя сені бақытты ететін орта.
Жанұяңнын қадірін, ұшқаныңда білесің,
Жанұяңнын жылуын, жаурағанда сезесің,
Жанұяңнын кеңдігін, дастарханда білерсің,
Жанұяңнын көңілін, қабағынан сезесің,
Жанұяңнын мейрімін, жалғыздықта білерсің.
Жанұяңды бағала, көпте емес бір ғана. Ел арманы сенде ғана. Сол үшінде ойнада күл, шаттан, биле, өмір сүр бүгінменен. Ерте ме кеш пе ержеткен соң, өз жолыңды тауып, жылы ұяңнан ұшасың да, кетесің…
КЕЛЬДЫБАЕВА Алуа Тулегенқызы,
Алматы облысы, Қарасай ауданы
«Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің»
11 «Г» снып оқушысы.
Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы,
директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары











