Қазақстанды биіктен көрсететін –Дастан Мұхамедрахым «Ең үздік –travel blogger»

Дастан Мұхамедрахым  —  Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында Қызылтесік ауылының тумасы. Өз жолын мұғалімдіктен бастағанын білесіз ба? Дастан — қазақ тіл мен әдебиет пәнінен қазіргі Семей қаласындағы Білім-инновация лицейінде — БИЛ мектебінде бала оқытып, ұстаздық еткен. 2019   жылы  Астанаға келген сәтте, видеограф ретінде жұмыс істеп, алғашқы дронын алды. Сол кезде ешкім қайталамаған гиперлапс форматында түнгі Астананы түсіріп, көпшіліктің назарын аударды. Гиперлапс (Hyperlapse) —  бұл қозғалыста түсірілген, жеделдетілген видео түрі.(ЖИ шолуы).

Табыс артқан сәтте шетелден де ұсыныстар келе бастады. Солардың бірі -Turkish Airlines өкілдері өздері хабарласып, Қазақстан бағытын дамыту үшін trave — блогер іздегенін айтады. Осылайша халықаралық жобалар бастау алды. Ал Нью-Йоркте жүрген сапары кезінде күтпеген жағдай орын алады: Instagram оның контентіне қызығушылық танытып, видеоларын өз парақшаларына салуға ұсыныс тастады.Көптеген көрермендер ойынша, бұл жасанды интеллект көмегімен жасалды деп, өз көздеріне сенбей жататынын айтады. 22 мамыр Францияда Канна қаласында WIBA Awards 2026 әлем бойынша үздік travel blogger марапатына ие болады.

Дастанның айтуынша, қанша шет елді аралағанымен, өзіміздің Катонқарағайға жететін  жер жоқ. Миллиондаған қаралым арқылы әлемдік деңгейге жетіп, еліміздің сұлулығын шетелге танытып жүрген қазақстандық блогер бүгінгі таңда туризмнің бет-бейнесіне айналды. Олар Қазақстанның табиғи қазынасы — асқар тауларын, кең байтақ даласын, ерекше ландшафттарын заманауи форматта көрсетіп, көрерменге шабыт сыйлауда. Осындай контенттің арқасында Катонқарағай, Бозжыра, Шарын секілді локациялар тек ішкі туризм үшін ғана емес, халықаралық аудитория арасында үлкен сұранысқа ие бола бастады.

«Бірінші ізденіс керек. Жата берсең ештеңе болмайды. ЖИ-де дамып келеді. Оны пайдалану үшін ақша да керек емес. Интернет болса болды. Тек ізденіп, не істесем болады деп үнемі дамып отыру керек. Осылай баюдың сценарийін бұзуға болады», — дейді  Дастан әлеуметтік арналарға берген сұхбаттарында.                         МАМАНОВА  Мадина,

                                                                    Алматы қаласы Білім басқармасының

                                                      172 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы.

Дереккөздері: https://youtu.be/

Сурет: @bydastann