Республикалық «Үздік мектеп» қатарында

Білім ордасының үздіктер қатарынан көрінуіне республикалық пәндік олимпиададан 1 алтын және 2 қола медальға ие болуы сеп болған.

Мектеп ұжымы 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.Оқушылардың білім сапасын арттыру, ұстаздардың кәсіби деңгейін жетілдіру, функционалды сауаттылық, ұлттық құндылықтар мен оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарының тұрақты шығуы, республикалық, халықаралық ғылыми жоба жеңімпаздары, ұстаздарымыздың аймақтық, республикалық сайыстардан орын алуы, «Жыл адамы-2019», «Ерен еңбегі үшін» медаль иегерлерінің шығуы – аталған жоспардың жүйелі орындалғандығы деп білемін.

Мұнайлы ауылындағы №3 мектебінде соңғы 3 жылды салыстырсақ, оқыту мен оқу үдерісінің қай бағыты бойынша да (ғылыми жоба, түрлі сайыстар, олимпиада) ілгерілеушілік, білім сапасының артуында байқалады.   Мектептен соңғы 3 жылда 14 «Алтын белгі», 16 «Үздік аттестат» иегері шықты. Жыл сайынғы мектеп бітіруші түлектеріміздің жоғары оқу орындарының грантын иелену көрсеткіші де артып келеді.

Биылғы оқу жылының ерекшелігі — республикалық пәндік олимипиадада 3 оқушымыз жеңімпаз болуы. 11-сынып оқушысы Аман Тілепберген, Қазақстан тарихы пәні бойынша қола медаль, 11-сынып оқушысы Аминова Асемай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қола медаль, 10-сынып оқушысы Төлегенова Гүлнұр, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алтын медаль иеленді.Нәтижесінде  республикалық үздік 100 олимпиадалық мектеп қатарынан көрініп, мектебіміз «Ең үздік ауыл мектебі». атағын иеленді. Бұл нәтижеге кездейсоқ келгеніміз жоқ, 2017-2018 оқу жылы аудан бойынша «Үздік білім беру ұясы», «Үздік мектеп директоры», «Үздік тарихшы», «Үздік физик» номинацияларын иелендік, 2018-2019 оқу жылында да аудан бойынша «Үздік мектеп»атандық,2020 жылы облыстық дәрежеде «Үздік жетекші» мектеп сайысынан 2- орын иеленген едік. Енді биыл республикалық деңгейде «Ең үздік ауыл мектебі» атағын алып отырмыз. Бұл әрине, жүйелі, үздіксіз дамудың,тынымсыз еңбектің нәтижелі жемісі.

 

Яғни, мектеп ұстаздары балаға білім беру мен тәрбиеде, шәкірттердің шығармашылығын арттырудағы өлшеусіз еңбегінің нәтижесі – алдымызға қойған бағыттарды дұрыс орындалуында. Мектебімізді осылай жүйелі түрде жан-жақты дамыту мақсатында 5 бағытта жұмыс жасаймыз.

Айталық,БІРІНШІ БАҒЫТ: Оқушылардың білімсапасын арттыру, ынталандыру.Мектепте 1-11 сыныпта 2091 оқушы, 89 сынып комплектісі бар, Білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдер мен оқушылар және әр сынып алдарына сапа межесін қойды, яғни 1-тоқсандағы оқу сапасын жыл соңына дейін түсірмей жүйелі арттыру міндеттелді. Бұл күрделі жұмысты қадағалап,бақылау, қорытынды жасау- мектеп әкімшілігі мен өзін-өзі басқару тобы мүшелеріне тапсырылды. Тоқсан сайын бақылау жұмыстары алынып, мониторинг жасалады. Білім сапасы төмендеген сыныпта сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study) бойынша жұмыс жүргізіледі.ЕКІНШІ БАҒЫТ: Ұстаздардың кәсіби деңгейін арттыру. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін  мектебімізде бірнеше облыстық , аудандық деңгейлерде семинарларды жиі  өткізетін мектеппіз.ҮШІНШІ БАҒЫТ: Оқушылардың таным деңгейін кеңейту де оқушының білім сапасын арттыруға қосар үлесі көп.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын көтеру мақсатында мектебімізде 2 танымдық жоба іске асырылады.ТӨРТІНШІ БАҒЫТ: Білімді ұлттық салт-дәстүрмен, ұлттық құндылықтармен ұштастыру. Мектепте «Домбыра-дастан», асық ату, шебер қолдар үйірмелері де табысты жұмыс жасайды. БЕСІНШІ БАҒЫТ: Қайырымдылыққа тәрбиелеу. Мектебімізде оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар бірлесіп, ауылдағы жалғызілікті қарттар үйіне және аз қамтылған отбасыларына  қайырымдылық шараларын үнемі жүргізіп отырады. Мұндай шаралардың  оқушылардың бастама көтеруімен өткізілетінін атап өткен жөн.

 

Жанар Асылбекқызы  БАЙНАЗАРОВА,

Мұнайлы ауданы, №3 Баянды ауылы

 мектебінің директоры.

  Маңғыстау облысы