«Жас тілші» форумы мақсатымды айқындады

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 1-курста оқитын досым бар еді. Мен де сол университетке оқуға түскім келетіндіктен одан кеңес сұрап жүретінмін. Бір күні ол маған «Жас тілші форумы» болатынын айтып, шақырды. Өзіңе достар тауып, университетпен танысасың деген соң қатты қуанып форум болатын күнді асыға күттім.

Міне, форум өтетін күнде келіп, 27-наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келдім. Келе сала бәрімен танысып, жақын араласып кеттік. Іштей қатты толқыдым. Еліміздің әр түкпірінен талапкерлер келіпті. Бәрі де талантты, пысық, әрі қарапайым жандар. Арман қуып осы ҚазҰУ-дың қара шаңырағында басымыз қосылғанына қатты қуандым. Университеттің студенттерімен, ұстаздарымен, деканмен таныстық, суретке түстік. Ұстаздар бізге жылы лебіздерін білдіріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Форумнан кейін бізді Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрына экскурсияға апарды. Жаңа ортамен бірге қызықты экскурсия жасап, қызықты ақпараттар білдік. «Қош келдің,әз-наурыз» атты конертті тамашаладық. Қайтарда суретке түсіп, әңгімелесіп, бір-бірімізды жақын таныдық. Форумның екінші күні «Ұлан» газетінің редакциясында  жалғасын тапты. Бізді өте жылы қарсы алды. Ұжым өызметкерлері біз үшін көже дайындап әкеліпті, оқушылар келеді деп әдемі дастархан жасап дайындалыпты.

Бізбен сұхбаттасу үшін қонақ болып журналист, «Қилы кезең» жобасының авторы Асылхан Мамашұлы мен актер Азамат Шарғын келді. Дөңгелек үстелде отырып, ағаларға сұрақтар өойып, пайдалы сұхбат жүргіздік. Өзімізге пайдалы ақпарат алдық. «Ұлан» газеті редакциясының қызметкерлері өте керемет жандар.Ол кісілермен танысқаныма қатты қуанамын.

Жалпы «Жас тілші форумы» менің өмірімді жақсы жаққа өзгертіп, мақсатымды айқындады. Мен форумнан тек достар ғана емес, өмірлік отбасымды таптым.Біз бір отбасындай бір шаңырақта таныстық тауып, жақын болып кеттік. «Жас тілші» форумын ұйымдастырған «Ұлан» редакциясына шексіз алғысымды білдіремін.

СЕНБЕКҚЫЗЫ  Зылиха,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы