Асқар тауым, мақтанышым, айбыным!

Сурет:https://yandex.kz/ сайтынан алынды.

Асқар тауым, мақтанышым, айбыным,

Сен бар кезде ұмытамын қайғы-мұң.

Ақ батаңмен ашылады жолдарым,

Сенсің, ата, бағым менен байлығым.

*Даналығың біздер үшін – зор мектеп,

Өсіп жатыр ұрпақтарың гүл көктеп.

Жүрегіңнің кеңдігіне таңғалам,

Жүре берші аман-есен еркелеп!

*Өр тұлғаңнан айналайын, ардағым,

Орындалсын алға қойған арманың.

Немереңнің қызығына тоймай сен,

Шуағың шаш, бақыт сыйлап әр таңын.

*Ақ батаң мен даналығың бойыңда,

Нұр сыйлайсың біздің мынау ойында.

Аман-есен ортамызда жүре бер,

Әулетіңнің берекелі тойында!

ТІЛЕПБАЙ  Саян Режепбайұлы,

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,

«Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің»

10 «Ә» сынып оқушысы.

Жетекшісі: Танысхожаева  Гулбайра  Беделханқызы