Мөңке бидің туғанына үш жарым ғасыр

Бидің туған жерінде өткен мерейтойынан алған әсерімді аққағаз бетіне түсіріп, алғаш рет сқхбат алып шығармашылық жолымды бастадым. Дәуір даналарының кейінгі ұрпағына айтып кеткен оның өсиеттері өміршеңдігін жоғалтпақ емес. Бізге жетті. Бізден кейінгі қрпақтарымызға мұра болып қалатын қымбат қазынаның бірі.
Қазақ даласының аса көрнекті сұңғыла дана-сәуегейлерінің бірі-Мөңке Тілеуұлы. Мөңке Тілеуұлын барлығымыз Мөңке би деп танимыз. Қазіргі Қазақстанның Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туған. Ол текті отбасыдан шыққан және өзінің биік міндетті атқаруға келгенін сезінген. Мөңке би өзінің ерекше сұңғұлалығы мен көріпкелдік қасиеті үшін «Ұлы Даланың Нострадамусы» деп халық оны атап кеткен. Мөңке бидің 350 жылдық мерейтойы, Ақтөбе облысының Ақшат ауданының төңірегінде аталып өтті. Бұл мерейтойға халық бар ыгтасымен дайындалды. Мөңке Тілеуұлының мерейтойы өтетін алаңға адамдар ерте келіп, дастархан жасап, от жағып, қазан көтеріп дайындықты бастап кетті.
Айталық, осы мерейтойды ұйымдастыруға ел алдында жүрген аға-апаларымыз белшеше аралласты. Мерейтойға арналып 50-ден астам киіз үй құрылып, шеңбер ретінде орналастырылды. Әр киіз үйдің артында қазан, ошағы болды.Әр киіз үйде бір рудың адамдары орналасты. Мысалы, Жақайым руы бір киіз үй тіккізді. Сол үйде Жақайымдар жиналып, дастархан жайып, көпшілікке дәм ұсынды. Әр киіз үйдің алдында ұлттық қолөнер туындыларының көрмесі қойылды. Бір киіз үйдің алдында ұлттық киім киген қыз-келіншектер тұрса, келесі киіз үйдің алдында батырдың киімімен қолында бүркіт отырған және жанында тазы иті тұрған, ер адамдар тұрды. Ал бір киіз үйдің алдында баян мен домбыра мен ән шырқады. Ал біреуін де қазақ, орыс балалары домбыра да ойнап, ән айтты. Киіз үйден құралған шеңбердің ортасында, қазақ күресіне арналған сахна болды. Келген қонақтардың арасынан балуан ағалар қазақ күресіне өздері жазылып, күш сынамаққа шаршы алаңға шықты. Жазылу аяқталған соң, күрес басталар алдыында, қатысушыларды таныстырылды. Олар әр-түрлі қаладан Мөңке бидіің тойына арнайы келген екен.
Қазақ күресі басталып, қызығып сахнанын жанына жиналғандар өте көп болды. Ең бастысы қауіпсіздік ережесін ұмытпай, сахнанын жанына жедел жәрдем көлігі келіп тұрды және ұлттық ұланның адамдары жан-жақтан адамдарға қарап тұрды.Тек қана қазақ күресі емес, тағы асық атып ойнап, жатқан балалар мен жасөспірімдер де болды. Асық атып, ойнап жатқан балаларды қарап қана қоймай, олармен бірге ойнауға болады, тек ұйымдастырушыларға барып, жазылу қажет болды. Балалар тек асық ойнаған жоқ, одан басқа шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын ойнады.
Мерейтойға келген қонақ болып ата-аналарымен келген балалары бұл ойындарға қызығушылықпен қатысты.
Ойындардан басқа үлкен сахна орнатылды. Онда отыратын адамдар үшін ыңғайлы жағдай жасалды. Бұл үлкен сахна төрінде өнерпаздар ән шырқап, дүбірлете күйлер ойналды.
Мен бұл мерейтойды, қызыға қарап, Мөңке би атамыз туралы, қонақ болып келген адамдардан және ұйымдастырушының біреуінен сұхбат алдым. Алған сұхбаттарымнан Мөңке би атамыз жайлы көп ақпарат білдім. Біздің ата, ағаларымыздың айтқан әрбір сөзіне тамсана қарап, тыңдадым.Мөңке бидің 350 жылдық мерейтойы, халық жүрегіне мәңгілік шамшырақ болып қалды. Мерей ойдың жоғарғы деңгейде өтуіне себепші ол — халық. Әр адам кішкентай да болсын тойдың өтуіне өз көмек қолын созды. Бұл күн естен кетпестей болып өтті. Бұл мерейтой «Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы» болып әркімнің жүрегінде қалды деп ойлаймын. Мөңке бидің 350 жылдық мерейтойына ат салысып, көмектескен адамдарға, әкімшіліктен алғыс хаттар берілді.
СӘТБАЙ Мәншүк,
Ақтөбе қаласы
«Смарт-Білім» мектеп-гимназиясының
11 сынып оқушысы





