Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Қазіргі технология дамыған заманда кітап оқитын адамдар азайып барады. Көп жастар уақытын телефон мен әлеуметтік желіге жұмсайды. Алайда кітап – адамды дамытатын ең маңызды құралдардың бірі.
Кітап оқу адамның сөздік қорын байытады, ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар адам түрлі тарихи оқиғалар мен өмірлік тәжірибелер туралы білім алады. Кітап оқитын адамның дүниетанымы кең болады.
Ұлы тұлғалардың көпшілігі кітапты ерекше бағалаған. Абай Құнанбайұлы да білім мен ғылымға шақырып, кітап оқудың маңызын айтқан. Сондықтан жастар кітапты өмірінің бір бөлігіне айналдыруы керек.
Қорытындылай келе, кітап – адамның рухани байлығы. Кітап оқыған адам әрқашан ізденісте болады және болашағына сенімді қадам жасайды.
УЛЖАБАЕВА Алмагуль,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
«Қарғалы №3 орта мектебінің» 11«А» сынып оқушысы
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
Шығармашылық жетекшісі: Жақыпбек Елдар Еркінұлы,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
