Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Алима Баймухамбетова АҚШ пен Германияның беделді жоғары оқу орындарына шақырту алды.  Атап айтқанда,  Drexel university, Аrizona state university және Jacobs university дарынды оқушының жоғары білімі мен жан-жақтылығы ерекше қызықтырып, әртүрлі  көлемде жеңілдіктер ұсынып отыр.  Ал американдық  Vanderbilt university Алиманың оқуына толықтай грант бөлуге дайын екендіктерін жеткізді.

Вандербильт университеті – АҚШ-тың  инженерия, технология мен медицина-биологиялық ғылымдар саласындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі және әлемдегі ең үлкен зерттеушілік базасы бар университеттердің қатарында 14 орында тұр.

Алима бұл университетте инженер мамандығы бойынша білімін жалғастыруға шешім қабылдап отыр.

 

Қызылорда облысы әкімінің

Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *