Терроризм қаупі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешені» ММ-де 2023 жылғы 20 ақпан мен 24 ақпан аралығында «Қауіпсіздік апталығы» өткізілді.

Балаларды қауіпсіз мінез — құлық ережелеріне үйрету бойынша іс-шаралар жас ерекшеліктеріне қарай сараланған түрде жүргізілді: бастауыш және орта сынып оқушылары үшін бөлек. Жоғары сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығында көрсетілген нұсқаулықтармен де танысты. Кіші сынып оқушылары ойын әрекетінің көмегімен қауіпсіздік шараларын үйренді.

Тренинг барысында мұғалімдер келесі іс — шараларды ұйымдастырды және өткізді: терроризмге қарсы қауіпсіздік туралы бейнероликтер, экстремалды жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша сынып және тәрбие сағаттары, интернаттан балаларды шұғыл эвакуациялау бойынша оқу іс-шаралары, телефон арқылы көрнекі ақпарат құқық қорғау және арнайы қызметтердің нөмірлері орналастырылған.

Қазақстан Республикасы «Қызыл Жарты Ай Қоғамы» Павлодар филиалының волонтерлерімен бірлесіп «Медициналық-құтқару қызметі келгенге дейін қолда бар құралдардың көмегімен алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету» атты шеберлік сыныбы өткізілді.

 

 «Павлодар облысының  беру басқармасы»

Баспасөз орталығы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *