«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

«Емтиханнан тестілеуге дейін: ҰБТ жүйесінің қалыптасуы»

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Шакира Ниязбаева

Көп оқушы ҰБТ әрқашан болған деп ойлайды. Жоқ, оның да өз тарихы бар. Елімізде Ұлттық Біріңғай Тестілеу  алғаш 2004 жылы өтті. Оған дейін мектеп бітіруші түлектер қорытынды мемлекеттік емтихан тапсырып, жоғары оқу орнына түсу үшін әр университеттің жеке қабылдау емтихандарынан өтетін. Яғни оқушы мектеп бітіру үшін де, университетке түсу үшін де бөлек сынақ тапсыруға мәжбүр болды.

Кім енгізді?

Бұл идеяны бір адам ойлап тапқан жоқ. Бұл мемлекеттің шешімі болды: ҰБТ-ны Білім және Ғылым министрлігі енгізді, ал тестілеуді Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

Мақсаты неде?

Мектеп бітірушілердің білімін бірдей талаппен бағалау және жоғары оқу орындарына қабылдау үдерісін ортақ жүйеге келтіру еді. ҰБТ-ны енгізу білім беру саласындағы маңызды өзгерістердің бірі болды.

 Дүниежүзінде қашан пайда болды?

Тарихқа көз жүгіртсек, емтихан арқылы білім мен қабілетті бағалау дәстүрі  Ежелгі Қытайдан бастау алады. Шамамен екі мың жыл бұрын Қытайда мемлекеттік қызметке үміткерлер арнайы емтихандар тапсырған. Бұл сынақтар адамның білімін, қабілетін және дайындығын анықтауға бағытталды. Кейін мұндай жүйе басқа елдерге де тарала бастады.

Ал жоғары оқу орындарына түсу емтихандары Еуропада XVIII ғасырдан бастап кеңінен қалыптаса бастады. АҚШ-та 1900 жылы университеттерге қабылдау талаптарын біріздендіру мақсатында арнайы емтихан кеңесі құрылды. Ал 1926 жылы қазіргі SAT тестінің алғашқы нұсқасы өткізілді. Оған шамамен 8 мың талапкер қатысқан.

Осылайша, бүгінде әлемнің көптеген елінде жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде бірыңғай немесе стандартталған тестілеу жүйелері қолданылады. Әр мемлекеттің өзіне тән талаптары мен бағалау тәртібі бар.

Досым, ҰБТ – сенің біліміңді сынайтын кезең ғана. Одан қорқудың қажеті жоқ. Ең бастысы – өзіңе сену, еңбектену және мақсатыңа қарай нық қадам басу. Бүгінгі дайындығың – ертеңгі жетістігіңнің бастауы!

Шакира НИЯЗБАЕВА,

Алматы қаласы Білім бақармасының

№58 ЖББМ 11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі.

Жетекшілері: Сансызбаева Алтынай Косаумасқызы,

Шабарова Нуркуль Тилеукулқызы

Сәйкес жаңалықтар

Ғибратын көңілге тоқиық! 

farabi shakirti shakirti

Ғылымның дамуы адам өмірінің маңызы

50-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ АҚШ-ТА ӨТЕТІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ