Абай Құнанбайұлы:
«Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге».
Кітап – адам өміріндегі ең құнды қазыналардың бірі. Ол адамға білім беріп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді, дүниетанымын қалыптастырады. Көптеген ұлы тұлғалар жетістікке кітап оқу арқылы жеткен. Сондықтан кітапты адамзаттың рухани байлығы деп айтуға толық негіз бар.
Ежелден бері кітап білім мен тәрбиенің көзі болып келеді. Бұрынғы заманда адамдар барлық білімді кітап арқылы алған. Ғалымдар мен ақындардың еңбектері ұрпақтан ұрпаққа кітап арқылы жетті. Бүгінде технология дамыса да, кітаптың маңызы жойылған жоқ.
Кітап оқу адамның сөздік қорын байытады, ойлау қабілетін дамытады және қиялын ұштайды. Әсіресе көркем әдебиет адамды мейірімділікке, адамгершілікке және сабырлылыққа тәрбиелейді. Кітап оқитын адам ойын анық жеткізіп, өмірге саналы көзқараспен қарай алады.
Қазіргі жастардың көпшілігі уақытын әлеуметтік желіде өткізеді. Бұл кейде кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуіне әкеледі. Алайда ешқандай телефон немесе интернет кітаптың орнын толықтай баса алмайды. Себебі кітап адамның жан дүниесіне ерекше әсер етеді.
Расында да, кітап оқыған адамның болашағы жарқын болады.
Кітап тек білім көзі ғана емес, адамның сырлас досы. Қиын сәтте кітаптан мотивация мен пайдалы кеңес табуға болады. Сонымен қатар кітап адамның бос уақытын тиімді өткізуіне көмектеседі.
Қорытындылай келе, кітап – рухани дамудың негізі. Білімді әрі мәдениетті қоғам қалыптастыру үшін кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру қажет. Кітапты сүйген адам ешқашан рухани кедей болмайды.
КЕРИМХАН Аружан,
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№198 мектеп-гимназиясының»
11 — сынып білім алушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
Жетекшісі: Сәрсенбиева Гүлзат,
Қазақ тілі әдебиет пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
