Қайта оралмас достарым…

Сурет:https://tolqyn.kz/

Бұл кезде 10-сынып оқып жүрген кезім. Ауылымызда жалғыз шағын ресторан бар еді. Сонда құрбыларыммен бірге даяшы болып жұмыс істейтінбіз. Бір күні 11-сыныптың балалары жұмысқа кірді. Басында бір-бірімізді ұнатпадық .Бірақ дәл осы жандар жанымызға жақын, ұмытылмас естеліктер қалдырған достарымызға айналды.

Күндер өткен сайын жақын араласып кеттік. Бір ауылда тұрғасын сырттай бәріміз бір-бірімізді танимыз. Бірге жұмыс істеп, жұмыстан соң бәріміз бірге үйге қайтатын едік. Шыны керек дәл осы адамдар маған «Достықтың» не екенін үйретті. Қуанған сәтімізде бәріміз бірге қуанып, біреуіміз жылап қалсақ бәріміз жабылып көңілін табамыз. Біреу абайсызда ыдыс сындырып алса администратор білмесін деп көмектесіп кемшілішімізді жабатынбыз. Қанша ренжіссекте ренішіміз ұзаққа бармай иез татуласып аламыз.

Бір-біріміздің туған күнімізді асыға күтіп ерекше тосын сый жасап қуантуға тырысамыз. Бәріміз бірге сыйлық алуға барып, ереуше дизайнмен торт жасататын едік. Креативімізді қосып барынша есте қаларлықтай өткізетінбіз. Ауылымыздағы бір кісімен көлік жағын келісіп, қалаға киноға да барып қызықты уақыт өткізіп келдік. Жалпы бұл қарапайым ғана достық болып көрінер бірақ, біз үшін бұл сәттер ең бақытты және қайта оралмас күндеріміз.

Менің өмірімде қанша достарым болса да, бәрібір олардың орнын ешкім баса алмайды. Себебі, дәл осы жандармен жүріп мен шынайы достықтың, адалдықтың және таза, шынайы махаббаттың не екенін түсіндім.

Осы ұжымның ішінде мен ерекше нәрсе таптым-ол шынайы қолдау және сенім. Бірге өткізген әрбір сәтіміз, Қанат Ерланның «Қарақшы» әнін бірге айтқан кездерімізді ешқашан ұмытпаймын. Сендерді қатты жақсы көремін. Жүрегімде мәңгі сақталатын жылы әрі ұмытылмас естелік сыйлағандарың үшін рахмет.

Мои Волчары❤️ (Диана, Айбек, Хадиша, Мирас, Нурали, Зылиха).

СЕНБЕКҚЫЗЫ  Зылиха,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы