Дулат Исабеков: «Сүйекші»

Кітаптың суреті:https://yandex.kz/
Жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің «Сүйекші» повесі – адам тағдырын, әділетсіздікті және өмірдегі қиыншылықтарды шынайы бейнелейтін шығарма.
Шығармадағы басты кейіпкер-Тұңғыш.Оның өмірі дүниеге келе салысымен қиындықпен басталды.
Бұл шығарма маған қатты әсер етті. Кітапты оқығаннан кейін біраз уақыт кітаптың әсерінен шыға алмайсың. Өйткені бұл туынды сені ойландырмай қоймайды. Тұңғыштың тағдыры-шыдамдылық пен төзімділіктің символы. Кішкентайынан тағдырдың ауыртпалығын көтеріп, өмірдің және адамдардардың қатыгездігінің кесірінен ата-анасының құшағына жете алмай, сағынышпен өмір сүрді .Қанша қиындық көрсе де, мойымады.
Тұңғыш-әділетсіздіктің құрбаны. Анасының құшағына жете алмай, сағынып жүргенде анасымен жаңа туған бауырының өлі денесін көруі-оның өміріндегі ең ауыр сәт болды.
Шығарманың басты ойы-адамға берілген өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіздікке қарамастан, батылдықпен, төзімділікпен өмір сүру керектігін көрсету.
Тұңғыштың өмірі қайсарлықты, төзімділікті үйретеді. «Сүйекші» шығармасы мен осы күнге дейін оқыған кітаптардың
ішіндегі ең ауыр шығармалардың бірі болды.
«Тұңғыш болып туылды, Аманат болып өсті, Диуана болып өмір сүрді, Сүйекші болып өмірден өтті…»
СЕНБЕКҚЫЗЫ Зылиха,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы










