Ең қадірлі мамандық десек, мен анаммен мақтанамын!

Сурет:https://almaty.tv/
Жылдың төрт мезгілінде тыным таппай, сіз бен біздің жүретін жерміздің тазалығын жасап, қыста қар күреп, көктемде қоқыстарды жинап жүрген жандар қашанда құрметке лайық! Олар бір – бір отбасының ата-анасы, адал еңбек иелері. Алайда, көпшілік коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысын елемегені былай тұрсын, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазаланған жерлерге қоқыс лақтырып, тастап кететіні – экологияны қорғауды саналарына сіңірмегені қынжылтады.
Қоғамда еңбегі еленбей қалатын жандар — көше тазалығын сақтап, тазалап жүрген жұмысшылар. Олар таң атпай жұмысқа шығып, қала көшелері таза болу үшін аянбай еңбек етеді. Күннің аптап ыстығында да, қыстың қақаған суығында да олар өз жұмыстарын адал атқарады. Көп адамдар бұл жандардың еңбегін байқамайды, бірақ дәл осы адамдардың арқасында айналамыз таза әрі көрікті емес пе?
Менің анам да Алматы тазалығында жұмыс істейді. Қыстың суық күнінде де қолына күрек алып таңнан кешке дейін қар күрейді. Жаздың ыстық күнінде көше сыпырады. Көктемгі жауынды елемей, арық-арықты бітеп жатқан пластик бөтелкелерді, целофан қалталарды жинап жатқаны. Осындай ауыр еңбектің салдарынан қолдары ауырып, жарылып та кетеді. Бәрі тіршіліктің қамы. Ешкім еріккеннен жанын қинап, жұмыс істемейді. Мен анаммен мақтанамын. Мен өмірде көрген ең мықты, мейірімді жан.
Бұл жұмыс — үлкен жауапкершілікті пен төзімділікті талап етеді. Көшені тазалау оңай емес: олар ауыр құралдармен жұмыс істейді, ұзақ уақыт бойы далада жүреді. Соған қарамастан, олар шағымданбай, қоғам үшін пайдалы іс атқарып келеді.
Қоғам әрбір еңбекті бағалай білуі керек. Әсіресе көше тазалығын сақтап жүрген жандардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Бұл кісілердің жалақысын көтеру керек. Ал әрбір адам көше мәдениетін сақтап қоқыстарын қоқыс жәшігіне салып, айналаны ластамай жүруді әдетке айналдырса, игі еді. Әлбетте, барлық адамдар бірдей емес. Көшеде кішкентай бала қолындағы тәттісін жеп болған соң, қағазын тастайтын жәшік іздеп, оны көрін ерінбей апарып тастағанын көргенде, Анамның және анамдай ондаған адамның еңбегі сәл де болса азайды сүйсінемін.
«Тәрбие – тал бесіктен басталады»,- дейді халық даналығы. Әр ата-ана баласына үйде көшеде, қоғамдық орындарда тазалық сақтау қажеттігін айтып отырса, қайырылмайтын ұл-жоқ, тәртіпке бағынады. Енді көлікті басқарып бара жатқан жүргізуші —
қыз-келіншектер, ер-азамат болсын, көліктің терезесінен сыртқа қоқыс лақтырып жібергенін, түкіргенін көргенде, үнсіз қаласың. Олардың лақтырғандарын жинайтын жан бар деп ойлаулары – көше тазалығына қолын бір-ақ сілтегені ме дерсің…
СЕНБЕКҚЫЗЫ Зылиха,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы











