«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Бақыт: жаныңда ма, әлде санаңда ма?

Сурет: ЖИ, жолдаған автор.

Әр адам бақытты әртүрлі түсінеді. Біреу үшін бақыт – байлық пен материалдық жетістік. Біреу үшін – отбасындағы жылулық пен тыныштық. Ал тағы біреу үшін – мансап, атақ, жетістік. Бірақ осылардың бәрін жинасаң да, бір сұрақ ашық қалады: нағыз бақыт қайда?

Оның нақты жауабы бар ма, әлде ол әр адамның өз жүрегінде ғана ма?

Шын мәнінде, бақытты сырттан іздеу – ешқашан бітпейтін жол сияқты. Адам бір арманға жетеді, бірақ көп ұзамай келесі мақсат пайда болады. Бір жетістік қуантады, бірақ ол сезім уақытша ғана. Сыртқы дүниенің берген қуанышы көбіне жел сияқты: келеді де, кетеді.

Ал жүректегі тыныштық – мүлде басқа нәрсе.

Бақыт жүректің тыныштығы. Адам өз-өзімен тату болса, ішкі әлемі тыныш болса, ол кез келген жағдайда бақытты сезіне алады. Қарапайым сәттерден қуаныш табу, барға шүкір ету, кішкентай нәрселерді бағалау – міне, нағыз бақыттың бастауы.

Кейде адамдар бақытты алыстан іздеп кетеді. «Басқа қалада», «басқа өмірде», «басқа адамдармен бірге» деп ойлайды. Бірақ шындық мынау: бақыт ешқайда кетпеген. Ол сенің санаңда ғана тыныш күтіп тұрады. Тек оны есту үшін тоқтау керек.

Бақыт бұл жету емес, сезіну. Ол үлкен нәрселерде ғана емес, таңертеңгі күннің жылуында, жақын адамның күлкісінде, тыныш кештің үнсіздігінде жасырынып тұрады.

Сондықтан бақытты сырттан қуалап шаршағаннан гөрі, ішке үңілген әлдеқайда маңызды. Себебі сырттағының бәрі уақытша, ал ішкі тыныштық – шынайы.

Бақытты алыстан іздегенше, жүректен тап бақытты.

Жанерке  ҚАЛАС,

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Шәкен ауылы

«№134-орта мектебінің» 11-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Өтетілеуов Айдарбек,

 Қазақ тілі және Әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Шкаф толы киім, ми толы курс: Біз неге бәрін сатып ала береміз?

Журналистика және сөз бостандығы: шекарасы қандай?

Қоғамнан адамды шеттету қаншалықты дұрыс және оның шешімі бар ма?

farabi shakirti shakirti