«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Күртінің көркем келбеті: табиғат пен тыныштық

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Бәріміз күнделікті күйбең тіршіліктен, бітпейтін кептелістен шаршайтынымыз белгілі. Кейде, қаланың у-шуынан бөлек шығып, жақсы демалысты қажет етеміз. Ал, табиғат аясындағы серуенді кім ұнатпайды дейсің? Ендеше, Алматы облысынан 1,5 сағаттық жолда тылсым табиғат орналасқан. Ол — Күрті. Бір қарағанда адамға қарапайым болып көрінетін шығар. Алайда, бұл аймақтың табиғатында жайлы тыныштық бар.

Күрті — адам еңбегі мен табиғат үйлесімінен туған ерекше нысан. Бастапқыда ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету мақсатында салынған. Алайда, жақында табиғатты сүйетін жандар үшін маңызды орынға айнала бастады. Ашық аспан, еркіндік, жүректі баурайтын көрініс. Дәл осы мекенде күннің шығуы мен батуы ұмытылмас сезім сыйлайды. Мұнда келген адам қарбаласқа толы өмірден алыстап, табиғатпен үндесе алады. Жаныңа жақын адамдармен бас қосып, жайлы уақыт өткізуден асқан бақыт бар ма?

Сонымен қатар, Күрті су қоймасы егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етеді. Мамандардың айтуынша, болашақта суармалы жерлер көлемін екі есеге дейін көбейту жоспарланған. Сондықтан, Күртінің табиғи және шаруашылық әлеуетін жоғалтпауы маңызды.

Туған өлкемнің әсемдігіне тамсана қараудан жалықпаспын. Самал желі, байтақ даласы, көз тоймас көрінісі бір арнаға тоғысқан. Күрті — тек су қоймасы ғана емес, табиғат пен тыныштық қатар орнаған жер. Бұл мекенге бір барған жан қайта оралғысы келетіні анық. Күрті өңірі — демалыстың жаңа мекені.

НҰРЛАН  Аружан  Мәлікқызы,

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Қаскелең қаласы «С.Керімбеков атындағы»

орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы

Дереккөз:kk.wikipedia.org

 

Сәйкес жаңалықтар

Жаһандану ұлттық болмысты жоя ма, әлде жаңа деңгейге көтере ме?

farabi shakirti shakirti

Бас муфти Сағадат ақсақалға қажылыққа жолдама сыйлады

Табиғатты қорғау – біздің парызымыз