«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Əрбір жасөспірімді мазалайтын ол…

Cурет: ЖИ, жолдаған автор

Уақыт көзді ашып жұмғанша зырғып өтуде. Қаншалықты тез өтсе, соншалықты бұл күндердің мектеп қабырғасындағы соңғы күндер екені сезіліп, бойды бір сағыныш пен өкініш сезімі билейді. Сондай кезде менде жан-жағымдағы сыныптастарыма, мұғалімдеріме, мазасыз жасөспірім шағыма деген қимастық сезімі пайда болады.

Маған осы жылдың соңында 18 жасқа толамын. Бірақ мен өзімді мүлдем ересек адам ретінде сезінбеймін, тіпті оған дайын да емеспін. Əлі есімде, мектепке баруды қалай асыға күтіп, мектеп табалдырығын алғаш басқаным, сыныптастарыммен алғаш көрісіп, қалай танысқаным. Бəрі құдды бір кеше ғана болғандай. Бірақ одан бері 12 жылдың өткені мені таңқалдырып қана қоймай, уақыттың қаншалықты зулап өтетіні, ертең деп жүргенде бұл өмірдің де өте шығатыны жайлы ойға батырады. Бұл ойдан менің денемді бірден үрей билей бастайды.

«Мен кім боламын?», «Мектеп біткесін не болмақ?», «Университетті бітіргеннен кейін ше?», «Адамдар уақыттың бұлай зуылдауына қалай үйреніп кеткен?» — деген сұрақтар мені жиі мазалайды. Меніңше, əр жасөспірімді мазалайтын мəселе осы. Алайда сен үшін шешім қабылдауға дайын тұратын, қысым мен талап жоғары əлемде бұл сұрақтардың жауабын табу қиын. Бəрінің айтатыны: «Сендей балада қандай мəселе болуы мүмкін?», «Медицинаға, педагогикаға түс», «Бұлай болмайды, олай болмайды», «Жұрттың баласына қарашы»  деген қоғамда əр жасөспірімнің тынысы тарылады.

Енді сұрақ: Не үшін қоғам жасөспірімдерге сонша талапшыл? Егер ол тіпті қанатын жайып та үлгермей жатса…

НҮСУПҚАН  Тоғжан Рауанқызы,

Алматы облысы, Талғар ауданы,

«№14 мектептің» 11 – сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Балаңызды бақылап жүрсіз бе?

farabi shakirti shakirti

Достық

farabi shakirti shakirti

4 жасар математик аудан әкімінің қабылдауында болды

farabi shakirti shakirti